Технологиясы


  Тоқ трансформаторларының құрылымы



Pdf көрінісі
бет214/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

502 
Тоқ трансформаторларының құрылымы 
үлестерін құрайды. 
Тоқ трансформаторларының екіншілік тізбегі кедергісінің артуы /
1
біріншілік токқа әсер етпейді, тек 
/
10
ю
1
магниттеуші күштің артуын 
және 
1
2
ю
2
азаюын тудырады, екіншілік тізбек кедергісі қаншалықты 
үлкен болса, ЭҚК 
Е
2
және оны бағыттайтын магнитті ағын 
соншалықты үлкен болу керек. Бірақ 
Ei
қаншалықты үлкен болса

тоқ 
трансформаторының дәл жұмысының негізгі шарты бұзылады: /
10
ю
1
<< 
/
2
ю
2
. Сондықтан тоқ трансформаторларында рұқсат етілетін 
қателіктерді қамтамасыз ететін екіншілік орамалар тізбектеріндегі 
максималды рұқсат етілетін кедергі көрсетілу керек, яғни осы кедергі 
қаншалықты кем болса, тоқ трансформаторының дәлдігі соншалықты 
жоғары. 
Өлшеу дәлдігі өлшеу трансформаторларының және оларға 
жалғанатын аспаптардың қателігінен тәуелді. 
Тоқ трансформаторларының өлшеу қателіктері трансформация 
коэффициенті бойынша, яғни кернеу немесе тоқ бойынша, және 
бұрыштық қателіктерге бөлінеді. 
Трансформация 
коэффициенті бойынша қателік 
берілген 
біріншілік шамалар кезінде екіншілік кернеуге әсер етеді. Одан 
өлшеу трансформаторларының екіншілік орамасына жалғанған 
аспаптар көрсеткіштерінің дұрыстығы тәуелді. 
Тек ваттметр типті аспаптар (ваттметрлер, фазометрлер, 
есептеуіштер, қуат релелері), көрсеткіштеріне әсер ететін 
бұрыштық 
қателік 
келесілермен анықталады: трансформатордың құрылымдық 
параметрлерінен тәуелді тұрақты факторлар (орамалардың электрлік 
кедергісі, магнит өткізгіштің магнитті кедергісі және т.б.), және 
пайдаланымдық шарттардан, яғни трансформатордың екіншілік 
орамасы жүктемесінің параметрлерінен тәуелді ауыспалы факторлар. 
Өлшеу трансформаторының қателіктерін оның дәлдік санатын 
анықтайды, яғни 0,2; 0,5; 1; 3; 10 дәлдік санаттарына номиналды тоқтар 
кезінде рұқсат етілетін қателіктердің белгілі бір мәндері сәйкес келеді 
(пайыздарда). Өнеркәсіптік қондырғыларда негізінен 0,5; 1; 3 дәлдік 
санатындағы тоқ трансформаторлары қолданылады, өлшеу аспаптарын 
қосу үшін 0,5 және 1 дәлдік санатының трансформаторлары 


503 
қолданылады, ал үшінші дәлдік санатының трансформаторлары әдетте 
релелік қорғаныс аспаптарын және ең қарапайым өлшеу аспаптарын 
(қалқанды вольтметрлер, амперметрлер) қосу үшін қолданылады. 
Аспаптарды өлшеу трансформаторлары арқылы қосқан кезде, әдетте 
өлшенетін шамадан 
1
% аспайтын қателік туындайды. 
Тоқ трансформаторларын келесі параметрлер бойынша таңдайды: 
номиналды кернеу, жұмыстық тоқ, екіншілік ораманың дәлдік санаты, 
сонымен қатар қысқа тұйықталу тоқтарының өтуі кезіндегі термикалық 
және динамикалық төзімділік мәндері. 
Тарату құрылғыларында тоқ трансформаторлары келесілерді 
қамтамасыз етеді: 
тоқ орамалары бар өлшеу аспаптарының (амперметрлер, 
ваттметрлер, есептеуіштер) шектерін кеңейту; 
релелердің тоқ орамаларын қоректендіру, ал кейбір жағдайларда 
күштік ажыратқыштар жетектерінің сөндіру құрылғыларының 
орамаларын қоректендіру; 
екіншілік тізбектерді біріншілік тізбектерден бөлу. 
Соңғы фактор аса маңызды, себебі қызмет көрсетуші қызметкерлер 
қауіпсіздігін анықтайды. Тоқ трансформаторларының екіншілік 
орамаларын және олардың корпустарын, әдетте, жермен жалғайды. 
Бірнеше тоқ трансформаторын жалпы сұлбаға дұрыс жалғау үшін 
және оларға аспаптарды жалғау үшін олардың полярлығын, яғни 
біріншілік ораманың басы мен соңының екіншілік ораманың басы мен 
соңына сәйкес келетіндігін немесе сәйкес келмейтіндігін білу керек, 
осы мақсатта оларды таңбалайды: желіге қосылатын біріншілік орама 
басын Л1 ретінде белгілейді, ал оның соңы – Л2; екіншілік ораманың 
басын және соңын сәйкесінше И1 және И2 ретінде белгілейді. 
Үш фазалы тоқ желілеріндегі жүктеме сипатына, өлшеу 
міндеттеріне және релелік қорғаныс түрлеріне байланысты өлшеу 
трансформаторларын бір, екі немесе үш фазада орнатады. 


504 
Тоқ трансформаторы қосылыстарының әр түрлі сұлбалары 13.23 
сур. келтірілген. Солардың ішінде толық жұлдыз және үшбұрыш 
сұлбалары желінің барлық үш фазасында тоқты бақылау қажет болған 
кезде қолданылады (мысалы, релелік қорғаныстың кейбір түрлерінде); 
толық емес жұлдыз сұлбасы және екі фаза тоқтарының айырмасына 
қатысты сұлба – оқшауланған бейтарап сымы бар желілерде, ал үш 
тоқтар қосындысына қатысты сұлба – жерге тұйықталуға қарсы релелік 
қорғаныстарда. 
Егер бір фазаның екі трансформаторының екіншілік орамаларынан 
13.23 сур. Тоқ трансформаторларын қосу сұлбалары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет