46
жүрісінің энергиясын жинақтау үшін қажет болады. Қозғалтқышты қосу
микросөндіргіш көмегімен жүзеге асырылады, ол бүйір жақ тұтқада
орналасады, ал қорек түзу пульсті тоқпен 44 В кернеумен кремнийлі күш
шұралармен беріледі.
Айналмалы әсерлі қозғалтқыш үш сатылы редуктор және фрикциялық
жалғастырғыш арқылы айналдырғымен байланысады, оған айналу моментін
береді. Жұмыс құралы айналдырғымен конус арқылы жалғанған болады.
Қозғалтқыш кернеуі 44 В және жиілігі 50 Гц айнымалы тоқтан қорек алады.
Микросөндіргіш артқы тұтқада орналасқан. Түрлендіру қондырғысы 220/44 В
төмендеткіш трансформатордан және екі кремнийлі түзеткіштерден құралады.
Барлық құрылғылар металл құты ішіне монтаждалған, оның бүйіржақ
қабырғасында үш полюсті резетке кабельді жалғау мақсатында орналасқан.
СЦ-2 электрлік магнитті бұрғысы жұмыс құралы ретінде металл бойымен
арнайы оралма үскі қолданылады, олар қатты балқыма пластиналарымен
жабдықталады. Үскілерді 90... 100° теріс бұрышпен қайралады. Электрлік
магнитті бұрғының негізгі техникалық сипаттамалары келесі түрде болады:
Бетонды максималды бұрғылау диаметрі, мм .................................. 26
Айналу жиілігі, айн/мин ................................................................... 420
Бір минуттағы соққы саны ............................................................. 3000
Соққы энергиясы, Н ........................................................................... 4,5
Салмағы (кабельсіз), кг ......................................................................... 8
Қозғалтқыш қуаты, Вт:
электромагнитті ............................................................................ 500
коллекторлық ................................................................................ 220
Төмендеткіш трансформатор қуаты, В • А ...................................... 900
Қозғалтқыш кернеуі, В ........................................................................ 44
Қозғалтқыш тоғы жиілігі, Гц .............................................................. 50
Түрлендіру құрылғысы салмағы,
кг ................................. 19
Электрлік
магнитті
бұрғының
жұмысы
барысында
алдымен
айналдырғыны айналдыруға арналған электрлік қозғалтқыш қосылады, ал
бұрғы негіздемеге аздаған тереңдікке енгеннен кейін (құралдың 3-4
айналымы) – соққылы қозғалтқыш қосылады. Бұрғылаудың қажетті
тереңдігіне қол жеткізгеннен кейін соққылы қозғалтқыш сөндіріледі,
бұрғыланған саңылаудан шығарылады және одан кейін айналдырылатын
қозғалтқышты сөндіреді.
Электрлік магнитті бұрғыны жалғау кезінде бір мезгілде оның корпусын
жерге тұйықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: