Технологиясы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет34/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
I.
1.Арнайы машиналар мен шеберханаларды не үшін құрады? 
2. Арнайы машиналардың автотіркемесінің тағайындалуы қандай? 
II.
1. Арнайы машиналар қандай құрылғылармен жабдықталған? 
2. Арнайы машиналардың тұтастығы қалай көтеріледі? 
III.
1. Арнайы машиналар мен шеберханалардың мүмкіндіктері қандай? 
2. Егер ол тесікті тесіп өтетін және дәнекерлейтін жұмыстар үшін 
тағайындалса, арнайы машина қандай құрылғылармен жабдықталған? 
 
3.4.
 
Жарықтандыратын электр қондырғыларының элементтерін 
дайындау және технологиялық өңдеу желілері 
Электрлік монтаждау жұмыстарын индустриаландыруда маңызды рөлді 
электрлік монтаждау дайындамаларының шеберханалары – электрлік 
монтаждау ұйымының өндірістік базасы алады. Шеберханаларда іріленген 
монтаждау блоктарын жинауды, құбырлық трасса мен шиналарды 
дайындауды, шиналауды жинау, электр сымдарын, жинақты желілерді 
және жерге тұйықтаушы құрылғылар элементтерін дайындау, тексеру және 
шамдарды қуаттандыру, оларды блокқа жинауды орындайды, сонымен 
қатар, стандартты емес бұйымдар мен құрылымдарды дайындайды. 
Заманауи шеберханалар – бұл электрлік монтаждау және ірі блоктарды 
жинау учаскесі. 


79 
Ірі блоктарға құрылғыларды, құрылымдарды және бұйымдарды алдын ала 
жинау және электрлік монтаждау дайындамаларын шығару маңызды 
экономикалық нәтижені алуды анықтайды. Жұмыстар шеберханаларда 
құрылыс ғимараттарының монтаждауға дайын болғанға дейін күн бұрын 
механизмдер мен құрал-жабдықтарды қолданып орындалады. Электрлік 
құрылымдарды, желілерді және құрылғыларды алдын ала іріленген 
блоктарға монтаждау үшін аздаған жұмысшылар және неғұрлым қысқа 
уақыт қажет болады. 
ЭДШ дайындау дәнекерлеу жұмыстары жоғары өнімді аспаптар мен 
құрал-жабдықтармен 
жабдықталған 
механикаландырылған 
ағынды 
технологиялық желілерде орындалады. Сымдар мен кабельдерді өңдеу 
және технологиялық желі немесе стендтарда бирка дайындамаларын 
таңбалаудан басқа (жұмыстың аз көлем кезінде) кейін жұмыс жасайтын 
жерге 
тасымалданатын 
бекіткіш 
бөлшектер, 
құрылымдар 
мен 
бұйымдармен бірге контейнерлерге тұтас желіні және электр сымдары 
тораптарын 
жинақтау 
жүргізіледі. 
Блоктар 
мен 
монтаждау 
дайындамаларының номенклатурасы электр қондырғыларының барлық 
түрлері үшін өте алуан түрлі. 
Электр желілерін монтаждау индустриясында негізгі бағыт электр 
сымдары мен кабель желілерінің элементтерін орталықтандырылған 
стендті дайындамасы болып табылады. ЭДШ технологиялық желілерінде 
электр желілерін алдын ала дайындау әдісі ең алғаш біздің елде жасалды 
және енгізілді. Электр сымдарының дайындалған желілерін орнату 
бұйымдары мен құралдарымен, бекіткіш бөлшектермен және зауыттық 
дайындау құрылымдарымен бірге контейнерлерге салады және монтаждау 
орнына жеткізеді. 
Машинада тасымалдау ыңғайлылығы үшін біршама ұзақ блокты 
бөлшектеу секциясынан жинайды. Жеке құбыр бөлшектерін дайындайды 
және байланыстырушы тармақталған қораптармен және созылған 
сымдармен жиынтықта жинайды. Шеберханаларда болат құбырларды 
дайындау индустриясы монтаждау орнында құбырларды дайындаумен 
салыстырғанда шамамен 30 % еңбек шығынын қысқартады.
Дара шиналар, шиналау элементтері және жинақты шина құрылғылары 
жоба сызбасы немесе алынған өлшемдер бойынша шеберханаларда 
дайындалады 
және 
жиналады. 
Шиналау 
элементтері 
тірек 
құрылымдарымен, оқшаулауыштармен, шина ұстағыштармен және басқа 
бөлшектермен бірге жинақталады. Жинақты шиналы құрылғы, мысалы, 
трансформаторларды 
шиналау 
тіректе 
монтаждалған 
жетекті 
ажыратқыштан тұрады. 
Цех ішілік шағын станциядан бастап цехтердің тарату пункттеріне дейін 
электр энергиясының кәріз жүйесіне арналған ашық шиналы магистраль 
шеберханаларда дайындалады. 
Көп панелді қалқандар толық біткен шиналаумен, екінші сымдаумен және 
алдын ала төсеумен сол жерде тасымалдау және монтаждау шартынан 
бастап блокта бірнеше панель бойынша ірі блоктарға жинақталады. 
Блоктардың жалғағыш орындарында шиналардың барлық жіктері және 


80 
екінші тізбектердің байланыстары тасымалдау кезінде таңбаланады және 
ажыратылады. Блоктарды монтаждау және оларды қалқанға жинау ғимарат 
құрылысы кезінде алдын ала орнатылған төсейтін металл құрылымында 
жүргізіледі және орнатуға, блок аралық байланысты қалпына келтіруге 
және сыртқы байланыстың сымдары мен кабельдерін жалғауға саяды. 
Магнит станцияларының панелдері бұрылатын беріліс жолы үшін қажетті 
қапсырмалармен, биркалармен жинақталған құрылымдарда жиналады. 
Магнит станцияларының толықтай монтаждалған панельдері ұзындығы 5 
м және салмағы 3 т дейін блоктарға үш-төрттен жиналады және 
түгендемелік тірек түрінде тасымалдау үшін құрал-жабдықтармен 
жинақталады. 
Шеберханаларда басқа дайындамалар жасалады: күш және жарықтандыру 
электр қондырғылары үшін блоктар (мысалы, ішінде таңбалаумен, 
жазбамен және байланыспен орындалған, тесілген профильден құрылымға 
іске қосу батырмасымен бірге жиналатын магниттік босатқыштар); тіректі 
және төсейтін тетіктері бар жерге тұйықтау элементтері; бақылау және 
арнайы кабельдер пакеті түріндегі кабель дайындамалары; цехтық троллей 
блогы. 
Электр 
сымдарының 
және 
жинақты 
жарықтандыру 
желілерін 
орталықтандырылған дайындау және өңдеу монтаждау шеберханаларында 
стенд және технологиялық желілерде жүзеге асады. Зауыттар сондай-ақ 
арнайы механизмдер шығарады. 
Жарықтандыру желілерінің сымдарын өңдеу мен дайындау бойынша 
КМО-3 технологиялық желісі механизмдер жинақтамасынан тұрады, 
алайда олардың әрқайсысы жеке пайдаланылуы мүмкін. 
Сымдар дайындамаларын кесу мен есептеуге арналға механизм (3.35 
сурет) ішінде барабан және жетек орналасатын металл шкафты 3 береді. 
Механизм панелінде шекімелеуіш құрылғы, ұзындықты өлшеу есептегіші 
бар өлшем құрылғысы 1, сонымен қатар, сымдарды кесуге арналған 
бастиек 2 орнатылады.
 
Қажетті ұзындық және кесілетін сымдардың саны бағдарламаланады. 
Кесілген сымның ұзындығы есептеуіштің айналу жиілігімен анықталады 
(бір айналым 10 мм сәйкес келеді), ал кесілетін сымдар саны ондағы сәйкес 
санды терумен беріледі. 


81 
3.35 сурет. Сымдардың 
дайындамаларын кесу мен 
есептеуге арналған механизм: 
1— өлшеуіш құрылғы; 2 — 
сымдарды кесуге арналған
электр қозғалтқышты бастиек; 
3 — электр жетегі және тарататын 
барабаны бар шкаф
3.36сурет. Сымдардан 
оқшаулауышты шешуге және 
байланыс сақиналарын бұрауға 
арналған механизм: 
1 — сақина түзу үшін кесетін 
пышағы және жақтауы бар 
механизмнің бастиегі; 
2 — электр жетегі бар шкаф; 3 — 
педальді жетек 
Дайындаманы кесу және есептеу механизмін қосқаннан соң автоматты 
түрде жүреді. Өңделетін сымдардың тарамдарының қимасы 1,5 бастап 6,0 мм
2
дейін, сымды тарту жылдамдығы 16,3 м/мин, кесілетін дайындаманың 
минималды ұзындығы 100 мм болуы мүмкін. 
Сымдардан оқшаулауышты шешуге және байланыс сақиналарын бұрауға 
арналған механизм (3.36 сурет) ішінде жетек орналасқан металл шкафты 2 
береді. Жоғары панелінде оқшаулауышты шеші және сақина түзу үшін 
жақтау, кесетін пышақтары бар механизм, бастиек 1 орналасады. педальді 
жетек 3 электр қозғалтқыштан, бәсеңдеткіштен, иінтіректі механизмнен және 
іске қосу аппаратынан тұрады. Өңделетін сымнан оқшаулауыш кесетін 
пышақпен басынан шешіледі. Операцияның бір кезеңін атқарған соң 
механизм автоматты түрде сөнеді. 
Оқшаулауыш шешілетін сымдарды тарамдарының қимасы 2,5... 10 мм
2
, ал 
сақиналардың бұралуы 2,5... 4 мм
2
, шешілетін оқшаулауыш ұзындығы 50 мм, 
кесілетін қабықша ұзындығы 42 мм, бұралатын байланыс сақиналарының 
ұзындығы 3,2; 4,2; 5,2; 6,2 мм болуы мүмкін. 


82 
3.37сурет. Сымдарды 
бұрауға, дайындамаларды 
кесу, дәнекерлеу және 
бақылауға арналған 
механизм: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет