Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата10.10.2023
өлшемі316,42 Kb.
#184456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Дене шынықтыру құқық негіздері

 
 
Курс мақсаты:
«Дене шынықтырудың құқықтық негіздері» пəні спорттық педагогикалық пəндер 
оралымы элементтрінің бірі болып танылады . Пəнді оқытудың мақсаты дене шынықтыру 
мен спорттың əлеуметтік-мəдени құрылыс саласы ретіндегі құқықтық статусын зерттеу , 
дене шынықтыру спорттық іс шаралардың құқықтық қамтамасыздығы, дене шынықтыру 
мен спорт саласындағы қызметкерлердің құқықтарын қорғау болып табылады. 
Өз кезегінде қондырғы ережелер мен нормативті талаптарды жəне спорттық 
құрылыстарды қолдана білу маманның таңдаған мамандығына əрі қарай жетілуінің негізі 
болып табылады. 
Дене шынықтырудың құқықтық негіздері пəні үлкен тəрбиелік жəне білімдік 
маңызға ие. Ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді, адамдар санасын 
өткеннің маңызды оқиғаларымен байыта түседі, адамгершілікке тəрбиелейді, отанға деген 
сүйіспеншілікке, дене шынықтыру мен спорттың дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан 
барлық халықтарға құрмет сезімдеріне тəрбиелейді.
 
 
Курс міндеттері:
- студенттерді Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі дене шынықтыру мен 
спорттың заңгерлік негіздерімен таныстыруды қарастырады. 
- Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спорттың нормативті- 
құқықтық қамтамасыздығын зерттейді. 
- дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын 
зерттейді. 
- Əрекет нəтижелері мен амалдарына , сонымен қатар қоғамдық еңбек құрған
материалдық құндылықтарға тыңғылықты қатынасынан көрінетін еңбектің жоғары 
мəдениетін тəрбиелеумен анықталады.

 
Оқыту əдестемесі: 
Бағдарламалық материал лекция жəне семинар сабақтары , сонымен қатар
студенттердің өзіндік жұмысы барысында оқып үйренеді.
Курсты оқып үйрену бакрысында студенттер дене шынықтыру мен спортқа қатысы бар 
запңнамалық құжаттарды , дене шынықтыру мен спорт саласындағы нормативті-
құқықтық актілерді, дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметкерлердің құқықтық 
статусын , дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардыңнормативті негізін білуі қажет 
Ғылыми білім жүйесі ретінде пəннің негізінде мақстты қимыл қозғалыс əрекеті 
үшін 
орынды 
қалыптастыру 
ілімінің 
заңдылықтары 
спорт- 
тық 
құрылыстар 
диалектикасын төмендегідей түсінуде жатыр: 
-
дене жəне нысаналық орта – адамның қимыл қозғалыстарын жүзеге 
асыратын немесе соған көмектесетін жағдайлармен жабдықтар; 


-
қоғамдық еңбек нəтижесінде құрылған материалдық құндылықтар бірлігі 
ретінде ғимараттар мен құрылыстар түріндегі əлеуметтік нысан; 
-
спорттық жəне шынықтыру – сауықтыру қызметтерін көрсету барысында
арнайы материалдық құралдарды қолданатын дене шынықтыру
құрылымының бөлектері, əлеуметтік ұйымдар.
Дене шынықтырудың құқықтық негіздері қоғам өмірінің əр түрлі кезеңдеріндегі 
дене тəрбиесі саласындағы құралдар, түрлер мен əдістердің, идеялар мен теориялардың 
пайда болуы мен дамуын зерттейді. Ол дене шынықтыру мен спортты бүкіл адамдардың 
мəдениеті, тəрбиесі мен білімінің құрамдас бөлігі ретінде, оларды өндірістік жəне əскери 
қызметке дайындау ретінде қарастырады. Тарих дене шынықтыру мен спорттың ертедегі 
кезеңдерден бүгінгі уақытқа дейінгі даму эволюциясын қарастырып келеді.
Дене шынықтырудың құқықтық негіздері үлкен тəрбиелік жəне білімдік маңызға 
ие. Ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді, адамдар санасын өткеннің 
маңызды оқиғаларымен байыта түседі, адамгершілікке тəрбиелейді, отанға деген 
сүйіспеншілікке, дене шынықтыру мен спорттың дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан 
барлық халықтарға құрмет сезімдеріне тəрбиелейді.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дəрістер мен практикалық сабақтар 
негізінде жүргізіледі жəне алынған практикалық дағдылар, түсінік- тер бекітіліп отырады. 
Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық, оқу 
құралдарында берілген тестілерді орын- дау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар 
арқылы жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет