Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Дене шынықтыру мен спортты насихаттау



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата10.10.2023
өлшемі316,42 Kb.
#184456
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Дене шынықтыру құқық негіздері

Дене шынықтыру мен спортты насихаттау 
 
1. Дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi орган, дене шынықтыру-
сауықтыру жəне спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктер, денсаулық сақтау мекемелерi 
бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесе отырып, дене шынықтыру жəне спорт 
саласындағы бiлiм мен жетiстiктердi, салауатты өмiр салтының принциптерiн 
насихаттауды жүзеге асырады.
2. Спортта қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа табынуды, адамның қадiр-қасиетiн 
қорлауды, тыйым салынған қоздырғыштар мен препараттарды, алкогольдi iшiмдiктер мен 
темекi бұйымдарын насихаттауға жол берiлмейдi.
3. Журналистердiң жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкiлдерiнiң спорт 
жарыстарын жəне басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, 
сондай-ақ жазып алуы, оның iшiнде спорт жарыстарын жəне басқа да спорт шараларын 
дыбыс-бейне жазу техникасы, кино-жəне суретке түсiру құралдарын пайдалана отырып, 
жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына 
сəйкес жүзеге асырылады. 
 
ДЕНЕ ТƏРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ 
 
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi жəне 
басқа оқу орындарындағы дене тəрбиесi
 
1. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн жəне кəсiптiк мектептер, 
колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене 
тəрбиесi оқу жəне ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тəрбиесiнiң 
кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына жəне санитариялық-гигиеналық талаптарға сəйкес 
сабақтан тыс уақытта жəне дербес жүзеге асырылады. Мiндеттi дене тəрбиесi сабақтары 


бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы 
бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кəсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, 
лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет