Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру мен спорт



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата10.10.2023
өлшемі316,42 Kb.
#184456
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Дене шынықтыру құқық негіздері

Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру мен спорт 
 
1. Меншiк нысандарына қарамастан кəсiпорындар, ұйымдар жұмыс iстеушiлердi 
сауықтыру жөнiндегi дене шынықтыруды дамыту үшiн қаражат көздеуге жəне 
азаматтардың дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану құқықтарын iске асыруына 
жағдай жасауға мiндеттi.
2. Қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке жəне ұжымдық дене 
шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база жасау, оны 
пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен жəне дене 
шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларымен айқындалады.
 
Мүгедектерге арналған дене шынықтыру мен спорт 
 
1. Дене шынықтыру мен спорт мүгедектердi дене бiтiмi жəне əлеуметтiк жағынан 
оңалту құралдары болып табылады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер үшiн арнайы дене шынықтыру-
сауықтыру жəне спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене 
шынықтырумен жəне спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.
3. Ақыл-есi кем жəне дене кемiстiгi бар мүгедектердi үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене 
шынықтырумен жəне спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, кадрлар даярлау, əдiстемелiк, 
медициналық жағынан қамтамасыз ету, мүгедектердiң дене шынықтырумен жəне 
спортпен шұғылдануына дəрiгерлiк бақылау жасау, бiлiм беру, денсаулық сақтау, 
халықты əлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру жəне спорт органдарына жүктеледi.
Əскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене 
шынықтыру даярлығы 
 
1. Əскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене 
шынықтыру даярлығы қызметтiк-қолданбалы бағытта болады жəне олардың əскери 
борыш пен қызмет мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етедi.
2. Əскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене 
шынықтыру даярлығы жөнiндегi жұмыстың мазмұнын, оны ұйымдастырудың нысандары 
мен əдiстерiн тиiстi мемлекеттiк басқару органдары белгiленген тəртiппен анықтайды.
3. Əскери бөлiмшелердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары бөлiмшелерiнiң 
командирлерi мен бастықтары əскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам 
құрамының дене бiтiмiн жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi. 
4. Қазақстан Республикасы құрама спорт командаларының мерзiмдi əскери қызметке 
шақырылған мүшелерi өздерiнiң спорттық шеберлiгiн шыңдау үшiн қажеттi жағдайлары 
бар бөлiмшелерге жiберiледi, оларға халықаралық, ұлттық жəне басқа да спорттық 
жарыстарға қатысуға мүмкiндiк берiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет