5. Пəн бойынша дəрістердің конспектісі.
Дене шынықтыру жəне спорттағы негізгі ұғымдар туралы түсінік
Дене шынықтыру жəне спорттағы негізгі ұғымдарға заңға сəйкес мыналарды
жатқызуға болады:
1) дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi орган - дене шынықтыру жəне
спорт саласындағы мемлекеттiк басқару мен үйлестiру функцияларын жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
2) дене шынықтыру - мəдениеттiң ажырамас бөлiгi, қоғам адамның дене бiтiмiн дамыту,
оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесiмдi
дамуына ықпал ететiн рухани жəне материалдық құндылықтар жиынтығы болып
табылатын əлеуметтiк қызмет саласы;
3) спорт - жарыс əрекетiнiң, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше
нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
4) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нəтижелерге қол жеткiзудi,
рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы.
Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттiк
саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты
дамыту мақсатында жүргiзiледi жəне:
1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен жəне спортпен айналысу теңдiгi мен
жалпыға қолайлылығы;
2) халықтың əртүрлi жас топтарының дене тəрбиесiнiң толассыздығы мен
сабақтастығы;
3) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
4) дене шынықтыру-спорт шараларының сауықтыру бағыты;
5) дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық жəне жеке
нысандарын тану.
Дене шынықтыру мен спортты дамытуды мемлекеттiк қолдау
1. Мемлекет дене шынықтыру мен спорт саласындағы қатынастарды мемлекеттiк
саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше қаржылық,
материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-əдiстемелiк, медициналық, ақпараттық,
нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы
дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк мəртебесiн тану жолымен реттейдi.
2. Мемлекет барлық үлгiдегi жəне тұрпаттағы балалар-жасөспiрiмдердiң спорт
мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт жəне балалар
клубтарының,
балалар
мен
жастарға
арналған
сауықтыру
лагерьлерiнiң,
мамандандырылған топтардың жəне мүгедектерге арналған мектептердiң, дəрiгерлiк-дене
шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын
нығайту үшiн жағдайлар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: