Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі

жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал
т. б. 
Құрама етістік 
Бұл етістіктердің әрбір компонентінде өзді-өзіне дербес лексикалық мағына бар және 
әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі. 
Мысалы: 
алып ал, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кет
т. 
б. 
Сараламалы етістік 
Бұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады. Лексикалық мағынасына алғашқы 
етістік негіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жұрнағы (-а, -е, -й, -ып, -іп) мен 
соңғы көмекші етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша 
грмматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші етістіктердің түрлі-түрлі 
болуларына қарай және компоненттердің сандары да, өздері де басқа-басқа болуларына қарай, 
олардың грамматикалық қызметтері де, грамматикалық семантикалары да сала-сала болып, 
амалдың жүзеге асу я өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды 
білдіреді. 
Мысалы: 
айтып жібер, айтып жібере қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, 
айта көр, айта сал, айта қой, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс
т. б. 
Суреттеме етістік 
Бұл етістіктер жетекші сөз бен көмекші етістіктен құралады. Жетекші сөз етістіктің жалаң я 
күрделі көсемше, есімше формасында, жалаң есімдер және есім мен етістік араласқан 
формаларында болады. Бұларға әрдемші болып көмекші етістік қосылады. Көмекші етістіктердің 
көбі — е көмекші етістігінің түрленген формасы болып келеді. 
Мысалы: 
барып едім, барған едің, келетін еді, түсінуші едік, ұйықтап кеткен екенмін, 
кешігіп қалған екенсің, келсе игі едіңдер, мұғалім едіңіздер, жас екен; бармақ болды, 
келемек екен, жазатын болды, келетін көрінеді
т. б. 
Тұрақты етістік 
Бұл етістіктерге лексикаланған, идиомаланған тіркестер жатады. 
Мысалы: 
опық жеді, таяқ жеді, құр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, арам тер болды, қырғи 
қабақ болды, бетке шіркеу салды, жан алқымға алды, ауыз салды, көз салды, жек көрді, жанын 
қияды
т. б. 
Етістік формалары 
Етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді: 
Етістік негізі. 
Қимыл атауы категориясы. 
Салттық және сабақтылық категориясы. 


Етіс категориясы. 
Болымдылық және болымсыздық категориясы. 
Амалдың өту сипаты категориясы. 
Есімшелер категориясы. 
Көсемшелер категориясы. 
Рай категориясы. 
Шақ категориясы. 
Жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы. 
Етістіктердің мағыналары 
Етістіктерді іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өз ара функция жағынан 
орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады: 
амал-әрекет етістіктері (
босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше
т. б.); 
қимыл-қозғалыс етістіктері (
ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір
т. б.); 
қалып-сапа етістіктері (
жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай
т. б.); 
ойлау-сөйлеу етістіктері (
айт, сөйле, де, ескер, жатта
т. б.); 
өсу-өну етістіктері (
балала, жапырақта, гүлде, өс, өн
т. б.); 
бағыт-бағдар етістіктері (
бар, кел, кет, қайт, әпер, әкет
т. б.); 
көңіл күйі етістіктері (
жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан
т. б.); 
бейнелеу-еліктеу етістіктері (
жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда, сыртылда, сырқыра
т. б.); 
дыбыс-сес етістіктері
көру-есту етістіктері; 
мінез-құлық етістіктері деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға болады. 
Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұнын алшақтықтарына қарай 
оларды 
омоним естістіктер, 
синоним етістіктер, 
антоним етістіктер деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады. 
Дара етістіктер - тек кана сөз түбірінен немесе бөлінбейтін негізінен түратын етістіктер (қаз. бар, 
кел, ал, т.б.) 
Статистикалық етістіктер - халды (қаз. аурып жатырмын), катынасты (қаз. сәкестену), сапа- лар 
мен қасиеттер көрсетуін (қаз. шөп көгіріп көрмеді) белгілейтін етістіктер. 
Фазалық етістіктер - кимылдың бір фазасын (басын, жал- гасын, аягын) белгілейтін етістіктер. 
Финитивті етістіктер - жіктеу формадағы етістіктер. 
Хамзалы етістіктер - түбір құрамында көмейден шығатын дыбыс(хамза) бар араб тіліндегі 
етістіктер 
31–апта 
Сын есімді қайталау. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері . Мерекелер.Жеміс- жидектер 
Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш 
қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, 
тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, 
көптелмейді және септелмейді. 
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де 
анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. 
Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет