Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі

сіз
деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар 
(
сіз, біз, сендер, сіздер
) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді. 
Сілтеу есімдіктері 
Сілтеу есімдіктеріне 
бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне
деген 
сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды 
білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер. 
Сұрау есімдіктері 
Сұрау есімдіктері мыналар: 
кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?
Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда 
көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер. 
Өздік есімдік 
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе 
өзім, өзің, өзіңіз, өзі, 
өзіміз, өздеріңіз
деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. 
Белгісіздік есімдіктері 
Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде 
білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. 
Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады
белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. 
Мысалы: 
Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).
Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.
әрине 
Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).
Болымсыздық есімдіктері 
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. 
Мысалы: 
еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы.
Болымсыздық 
сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз 
түрімен байланысты қолданылады (
ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады
т. б.). 
Жалпылау есімдіктері 
Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды 
жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. 
Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (
бар адам
), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана 
жатады. 
35–апта
Үстеуді қайталау. Менің мамандығым. Өз мамандығы туралы айту. 


Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: 
әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, 
дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, 
кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, 
өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан
т. б. 
Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар: 
Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -
леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, 
қабағат сияқты күшейткіш сөздер қолданылады. Мысалы: 
бұрын
бұрынырақ
бұрындау
тым бұрын
кейін
кейінірек
кейіндеу
өте кейін
ілгері
ілгерірек
ілгерілеу
аса ілгері
әрі
әрірек
әрілеу
тым әрі
әрмен
әрменірек
әрмендеу
тіпті әрмен
былай
былайырақ
былайылау
тым былай
Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. 
Мысалы: 
құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет