Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі

 
- Сәлеметсіз бе 
-Сәлеметсің бе 
-Түскі асқа сіздерде не бар? 
- Сорпа, палау, тұшпара, қуырдақ бар 
- Сусыннан не бар? 
- Шай, кофе, шырын бар 
-Маған палау, шай, нан беріңізші. Қанша төлеуім керек? 
- Мінеки, алыңыз. Сізден бес жүз алпыс теңге. 


-Рахмет, сау болыңыз! 
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, 
философ, композитор, аудармашы,саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ 
халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс 
мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс 
болған. 
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-
педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақтың 
ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында еңбек етті. Ресей қоғамының 
білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға 
талпынды. 
Байтұрсынұлы Ахмет- қазақтың көрнекті ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, 
қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің 
бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, 
ұлттық жазуды құрастырушы. Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
6–апта
Сын есім. Сапалық сын есім.Түстер. Сан есім .Қасиетті сандар.Бөлшектік сан есім .Реттік сан 
есім. Музыка аспаптары. Сын есімдерге сұрақ қоя білу, сұрақтарға жауап жаза білу. Сан есіммен 
зат есімді тіркестіру .Неше? нешеу? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сан есімдер жазу. 
СЫН ЕСІМ 
Кім?
Қандай? 
Не? 
Қандай? 
жігіт 
сымбатты 
Кітап 
қызықты 
Қыз 
әдемі 
Дала 
суық 
Оқушы 
ақылды 
Бөлме 
жарық 
дәрігер 
мейірімді 
Ағаш 
биік 
Бала
кішкентай 
Аспан
көк 
Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойыңыздар. 
Алматыда бүгін ауа райы .......... 
Жылы, суық, ыстық, бұлтты 
Астана ...........қала 
Әдемі, көрікті, үлкен 
Көкшетау Қазақстанның ең ............аймағы. 
Орманды, таулы, ормансыз 
Менің досымның көлігі........... 
Үлкен, кішкентай, қымбат, арзан 
Қолшатыр 
Жасыл, үлкен, сары 
Азық түлік бағасы 
Қымбат, арзан, орташа 
Төмендегі сын есімдерді жазыңыз. 
Таза, әдемі, сымбатты, әсем, үлкен, кіші, лас, орташа, биік, аласа, жуан, жіңішке, әдепті, әдепсіз, 
көрікті, таулы, суық, ыстық, ылғалды, жақсы, жаман, ақ, қара, ержүрек, ақылды, қымбат, арзан, 
қолайлы, ұзын, қысқа, қызыл, жасыл. 
Қане, тілдесейік! 
- Сәлем, Арман. Сен қайда тұрасың? 
- Мен жатақханада тұрамын. 
- Сенің бөлмең қандай? 
- Менің бөлмем кең, жарық, таза. 
-Ал, сен қайда тұрасың? 
-Мен пәтерде тұрамын. Менің пәтерім кіші және қолайлы. 
САН ЕСІМ 
Сауалы: ҚАНША? НЕШЕ? 
САН 
ЖАЗБАША 
САН 
ЖАЗБАША 

Бір 
20 
Жиырма 

Екі 
30 
Отыз 

Үш 
40 
Қырық 

Төрт 
50 
Елу 

Бес 
60 
Алпыс 

Алты 
70 
Жетпіс 

Жеті 
80 
Сексен 

Сегіз 
90 
Тоқсан 



Тоғыз 
100 
Жүз 
10 
Он 
1000 
Мың 
Берілген есептік сан есімдерді цифрмен жазыңыз.
 
Жиырма, қырық, жеті, тоғыз, сексен, жүз, төрт, екі, сегіз, отыз, мың, елу, алпыс, алты, бес, үш, он. 
Берілген сандарды сөзбен жазыңыз, оқыңыз. 
5, 10, 60, 30, 7, 6, 3, 2, 1000, 50, 20, 70, 1, 40, 90, 100, 8, 9, 80. 
Берілген сандарды дұрыс оқыңыз. 
Он бес(15), жиырма екі (22), отыз үш (33), қырық сегіз (48), елу төрт (54), алпыс жеті (67), жетпіс 
бір (71), сексен алты (86), тоқсан тоғыз (99), жүз үш(103). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет