240
Ұсынылып отырған жинақ білім алушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруда маңызды болып саналады.
Бірінші бөлімінде орта білім беру пәндері бойынша білім алушылардың
оқу жетістіктерінің мониторингі қорытындысы негізінде білім алушылардың
білімін толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда білім беру ұйымдарының
әкімшілік мүшелеріне, әдістемелік бірлестіктер мен пән мұғалімдеріне арналған
білім алушының біліміндегі өткен оқу жылдарында орын алған олқылықтардың
орны аныұталып, оқу мақсаттарын меңгертудің ұсыныстары келтірілген.
Екінші бөлімінде функционалдық сауаттылық бағыттары бойынша оқу
тапсырмалары келтірілген. Келесі қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы
пәндері бойынша оқу сауаттылығын дамыту тапсырмалары, математикалық
сауаттылықты дамыту және химия , физика, биология, география пәндері, яғни
жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру тапсырмаларының жинақтары
келтірілген.
Әдістемелік құралды әзірлеу нәтижесінде іріктеліп алынған тапсырмалар
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесінің
теориялық тұғырларына оқыту сауаттылығын, математикалық сауаттылығын
және жаратылыстану сауаттылықтарын дамытуда әдістемелік жүйесіне өзіндік
үлесін қоса алады.
Білім беру ұйымдарында білім алушының біліміндегі олқылықтардың
орнын толықтыру жұмыстарын сапалы ұйымдастырғанда заманның жаңаша
талаптары мен үрдістеріне сай «Білімді ұлт» сапалы білім беру» қалыптасады
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесінің
практикалық негіздері әлі де болса мектеп мұғалімдерінің тәжірибесімен
болшақта толыға түсері сөзсіз.
Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері
мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен
жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді,
өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді;
іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ
тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді
шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: