Түркістан облысы бойынша
2019-2020 оқу жылында 2-4 сыныптарда 138
773 оқушы білім алған. Оқу жылын 37 020 оқушы оқу үздігі және 48 512 оқушы
оқу екпіндісі болып аяқтаған. Үлгерім 100 пайызды, ал сапа 61,7 пайызды
құраған.
2020-2021 оқу жылында 156 152 оқушы білім алған. Оның 37 770 оқушысы
оқу үздігі, ал 58 391 оқушысы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Бұл оқу жылының
үлгерімі 100 пайыз, ал сапасы 61,3 пайызды құрайды.
2021-2022 оқу жылында 2-4 сыныптарда 158929 оқушы білім алған. Оның
36 853 оқушысы оқу үздігі, ал 59 619 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған.
Үлгерім 100 пайыз, сапа 60,7 пайызды құрайды.
Түркістан облысы бойынша соңғы үш оқу жылы қорытындысын
салыстыратын болсақ, оқушы саны жыл сайын артып отырған. 2019-2020 оқу
жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында 17 379 оқушыға, ал 2020-2021 оқу
жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында 2 777 оқушыға артқан. Ал 2019-2020
10
оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында үздіктер +750 оқушыға,
екпінділер +9 879 оқушыға артқан. 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022
оқу жылында үздіктер саны -917 оқушыға кемісе, екпінділер саны +1 228
оқушыға артқан. Ал білім сапасы 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021
оқу жылында -0,4 %-ға, ал 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу
жылында -0,6 %-ға кеміген.
Алматы облысы бойынша
2019-2020 оқу жылында 2-4 сыныптарда 133 976
оқушы білім алған. Оның 48 729 оқушысы оқу үздігі, ал 48 476 оқушысы оқу
екпіндісі. Үлгерім 100 пайыз, ал сапа 72,7 пайызды құрайды.
2020-2021 оқу жылында 137 840 оқушы білім алған. Оның ішінде оқу үздігі
44 570 оқушы, ал оқу екпіндісі 53 367 оқушы. Жыл қорытындысы бойынша
үлгерім 100 %-ды, ал сапа 71 %-ды құрайды.
2021-2022 оқу жылын 139 478 оқушы оқып аяқтады. Оның ішінде 39 989
оқушы оқу үздігі, 54 525 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтады. 100 пайыз үлгерім
мен 66,7 % білім сапасымен оқу жылын аяқтады.
Алматы облысы бойынша соңғы үш жылдың қорытындысын
салыстыратын болсақ, жыл сайын оқушы санының өсуін байқауға болады. 2019-
2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында+ 3 873 оқушыға, 2020-2021
оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында +1 638 оқушыға артқан. Сонымен
қатар оқу үздіктері мен оқу екпінділер санында да өзгеріс бар. 2019-2020 оқу
жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында оқу үздіктер саны -4 159 оқушыға
кемісе, ал оқу екпінділер саны керісінше +4 891 оқушыға артқан. 2020-2021 оқу
жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында оқу үздіктер саны -4 581 оқушыға
кемісе, ал оқу екпінділер саны +1 158 оқушыға көбейген. Сонымен қатар жыл
қорытындылары бойынша білім сапасында да өзгерістер орын алған. 2019-2020
оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында білім сапасы -1,7 %-ға, ал 2020-
2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында -4,3 %-ға кеміген.
Атырау облысына
тоқталатын болсақ, 2019-2020 оқу жылында 2-4
сыныптарда 43 355 оқушы білім алған. Оның 10 286 оқушысы оқу үздігі, ал 12
395 оқушы оқу екпіндісі болып оқу жылын аяқтаған. Жыл қорытындысы
бойынша үлгерім 100 %-ды, ал сапа 61,3 %-ды құрайды.
2020-2021 оқу жылында 2-4 сыныптарда 46 863 оқушы білім алған. Оның
ішінде 12 641 оқушы оқу үздігі, 18 450 оқушы оқу екпіндісі болып оқу жылын
аяқтаған. Үлгерім 100 %, сапа 66 %-ды құраған.
2021-2022 оқу жылын қорытындысы бойынша 2-4 сыныптарда 46 004
оқушы білім алған. Оның 10 286 оқушысы оқу үздігі, ал 18 015 оқушы оқу
екпіндісі болып оқу жылын аяқтаған. Жыл қорытындысы бойынша үлгерім 100
%-ды, ал сапа 61,3 %-ды құрайды.
Атырау облысы бойынша соңғы үш жыл қорытындысына қарайтын
болсақ, оқушы сандары тек артып қана қоймаған, сонымен қатар төмендеуін де
аңғаруға болады. 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында +3
508 оқушыға артса, ал 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында
керісінше -859 оқушыға кеміген. Өзгерістер тек қана оқушы санында ғана емес,
сонымен қатар оқу үздіктері мен оқу екпінділер санында да кездеседі. 2019-2020
оқу жылын қорытындысына қарағанда 2020-2021 оқу жылы қорытындысында
11
оқу үздіктер саны +2 355 оқушыға, ал оқу екпінділер саны +6 055 оқушыға
артқан. 2020-2021 оқу жылы қорытындысына қарағанда 2021-2022 оқу жылы
қорытындысында оқу үздіктері -2 355 оқушыға, ал оқу екпінділер саны -435
оқушыға кеміген. Үш жылғы білім сапасын салыстыратын болсақ, 2019-2020 оқу
жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында +4,7 %-ға көтерілсе, ал 2020-2021-
оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында -4,7 %-ға төмендеген.
Достарыңызбен бөлісу: |