23
жұмсауды талап етеді. Мұнда субъективтілік (жеке көзқарас) те күрделі мәселе болып
табылады. Оқушылар мен мұғалімдер, сарапшылар бір сұрақты әртүрлі түсінуі де мүмкін.
Осындай келіспеушілік пен әртүрлі түсінікті болдырмау үшін, оқу мақсаттары мен бағалау
критерийлеріне сәйкес толық екшелген бағалау құрылымын ойластыру қажет.
Том Кубисцын (Kubiszyn, Tom, 2007) ашық сұрақтардың пайдасын анықтап, олардың
қатарына келесі оқу нәтижелерін қосты:
-
өзара байланытарды талдау қабілеті;
-
көзқарастарды анықтап, салыстыру;
-
болжау;
-
қорытынды жасау;
-
себеп-салдарлық байланысты түсіндіру;
-
болжамдар ұсыну;
-
өз көзқарасын дәлелдейтін деректерді ұйымдастыру;
-
күшті және әлсіз жақтарын көрсету;
-
әртүрлі дереккөзден алынған деректерді біріктіру;
-
мақсат пен әрекеттердің сапасы мен құндылығын бағалау.
Питер В. Айразиан (Airasian Peter W, 1999) эссе жазу тапсырмасы бағалаудың «басты
әдісі» деген болжам ұсынады. Көркем жазу (қолжазба) мен жазу стилі бағалаудың маңызды
критерийлері болмаса да, сарапшының қабылдауына өз ықпалын тигізе алады, демек
бағалауға да әсері болады деген сөз. Айразиан бұларды бағалауға қатысты «қосалқы
факторларға» жатқызып, оларды тапсырманы ұқыпты орындаумен байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: