Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық

Ашық тапсырмалардың сапасын бағалауға арналған сұрақтар

Pdf көрінісі
бет24/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ашық тапсырмалардың сапасын бағалауға арналған сұрақтар: 

Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау 
дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме? 

Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (бірін-бірі терістеу, қажетсіз 
қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің 
қолданылмауы, т.б.)? 

Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура немесе/және жанама түрде) 
меңзейтін тұстары жоқ па? 

Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме? 

Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па? 

Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па? 

Дескрипторлар/бал қою кестесі тапсырмаға сәйкес анықталған ба? 

Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме? 

Тапсырманың (сұрақтың) шартында оқушылардың жауабында ескерілетін 
шектеулер берілген бе? 

26 
Бағалауға арналған тапсырма әзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстар 
Құрастырылған тапсырманың нақтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты) 
шектейтін негізгі фактор болып табылады. Бұл бағалаудың негізгі қағидаттарын (негізділік, 
валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі. 
Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау 
нәтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігінің деңгейі көрсетілген рубриканы 
қолдану ұсынылады. 
Рубрика 
– бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейін 
сипаттау тәсілі. 
Бағалау критерийі
– білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. 
Дескриптор –
тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін 
сипаттама. 
 
________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет