Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық

Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу кезінде ескеретін ұсыныстар

Pdf көрінісі
бет25/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу кезінде ескеретін ұсыныстар
1. Сыныпта меңгерілген материалды бағалаңыз. 
2. Оқушылардан берілген дереккөздерге сүйеніп, дұрыс жауабы бар 1 немесе 2 
тапсырма құрастыруды сұраңыз.
3. Жұмысты орындауға қанша уақыт қажет екенін анықтау үшін төмендегі 
ақпараттарды қолданыңыз: 
-
шындықты анықтау тапсырмасы үшін – 30 секунд;
-
көп таңдауы бар тапсырма үшін – 60 секунд; 
-
қысқа жауапты қажет ететін тапсырма үшін – 120 секунд;
-
толық жауапты қажет ететін тапсырмаға/эссеге – 10-15 минут;
-
жұмысқа шолу жасау үшін – 5 минуттан 10 минутқа дейін. 
4. Оқушылардың кем дегенде 50-70%-ы жауап бере алатындай немесе күрделілігі 
орташа тақырыпты таңдаңыз.
5. Сенімділік тұрғысынан алғанда, барынша ұзақ уақыт мұқият әзірленген тест 
сенімді деп есептеледі.
6. Есіңізде болсын, оқулықтағы көптеген тест тапсырмаларының жоғары деңгей 
дағдыларын бағалауы өте сирек кездеседі.

27 
Дескрипторлар құрастыру 
Дескриптор
– тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама. 
Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды 
өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде бөлім бойынша жиынтық 
бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады.
Дескрипторлар әрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады және тапсырманы 
орындау кезіндегі әр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны жағынан 
сенімді және жарамды болуын, сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті, 
дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді.
Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек? 
Дескрипторларды тұжырымдау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» және т.б. 
сияқты сөздерді қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауда қиындық 
туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды.
Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және кері байланыс ұсынуға 
мүмкіндік беруге көмектесуі қажет
Ашық тапсырмалар үшін дескрипторлар құрастыру таңдалған орындау тәсілдерін (егер 
талап етілсе) сипаттаудан басталады, мысалы, «рН табу формуласын қолданады». Бұдан әрі 
алынған жауап пен аралық әрекеттер сипатталады, мысалы, «концентрациясының мәнін 
есептейді», «концентрацияның логарифмін табады». Мұғалім өз тәжірибесіне және кәсіби 
пайымдауына сүйене отырып, тапсырмаларды орындау кезінде қандай аралық қадамдарды 
бағалауы керектігін анықтайды. 
Тапсырмалардың дескрипторлары тапсырмаларды орындаудың қай кезеңінде 
оқушыларда қиындықтар туындайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек және 
бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы қажет. Бұл 
оқушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге 
жағдай жасайды. 
________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет