28
Балл қою кестесі
Балл қою кестесі тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары үшін құрастырылады
және жиынтық жұмыстарды тексеру үдерісінде қолданылады.
Балл қою кестесі
– тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою
бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Балл
қою кестесі қашан, қалай балл берілетіндігін білдіретін, дұрыс (болжамды)
жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық және нақты
ақпарат ұсынатын құрал
болып табылады. Балл қою кестесінің құрылымы және мазмұны пәндер мен тапсырмалардың
түрлеріне қарай ерекшеленуі мүмкін. Балл қою кестесінің құрылымы
келесі ақпараттарды
қамтиды: тапсырма нөмірі, тапсырмаларды орындау кезеңдері
көрсетілген жауаптары, әр
кезеңнің балдары және балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша ақпарат.
Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы (кілті)
көрсетіледі.
Барлық балама (альтернативті) жауаптар балл қою кестесінде көрсетілуі тиіс,
мұндай
жағдайда олар «/» көлбеу сызықпен не «немесе» шылауымен ажыратылады.
Балама (альтернативті) жауаптары бар балл қою кестесінің мысалы
№
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
протон / Н
+
1
қабылданбайды
Н
Балл қою кезінде жауабы үшін екі және/немесе одан көп жауап көрсетілген жағдайда,
олардың арасына «,» және/немесе «және» шылауын қойған дұрыс.
Екі және одан да көп жауап көрсетілген балл қою кестесінің мысалы
№
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
2
Топ: H, Li, Na
және
Период: Li, Be, B
1
1 балл бір топтың әр 3
элементіне;
1 балл бір периодтың әр 3
элементіне;
Достарыңызбен бөлісу: