Критериалды аспектілер Кейде валидтілікке дәлел келтіру біздің бағалау нәтижелеріміз басқа бағалау
тапсырмалары немесе критерийлері бойынша нәтижелермен салыстырмалы түрде
қаншалықты байланысты болатынын қамтиды. Бірдей аспектілерді бағалау үшін
құрастырылған екі түрлі бағалау нәтижелері ұқсас болған жағдайда, біз бағалауымыздың
«бір бағытқа бағытталғанының» дәлелі ретінде пайдалана аламыз. Тест құрастырушылар
валидтілікке қатысты дәлелдер келтіру үшін аталған байланыстарды қарастыратын
корреляциялық (өзара байланысты) зерттеулерді жиі жүргізеді. Сыныпта біздің бағалау мен
критерийлердің өзара байланысын тексеру үшін зерттеу жүргізуіміз екіталай. Дегенмен біз
бірдей аспектілерді тексеру үшін түрлі бағалау құралдарын қолдану әр түрлі нәтиже беріп,
оқу жетістіктерінің әртүрлі интерпретациясына әкелетініне назар аударуымыз қажет. Келесі
кезеңде біздің бағалауымыз сыныптағы оқудың табыстылығын қаншалықты дұрыс
бағалайтыны және оны оқудағы алға ілгерілеу туралы дәлелді тұжырым жасау үшін
қолдануға болатыны туралы зерттеу жүргізуге болады.
Салдарлық аспектілер Бұл аспекті бағалау нәтижелерін қолдану салдарларын бағалаудан тұрады. Бағалау
нәтижелеріне қаншалықты мән беретініміз (бағалау нәтижелеріне берілетін мағына) әрі
қарай оқу мен оқытуға әсерін тигізеді. Оның кейбір салдары, әсіресе қолданылған бағалау
форматы «тест тапсыруға машықтануға» немесе оқушылардың ынтасының төмендеуіне
әкелген жағдайда теріс болуы мүмкін. Мысалы, қағаз түріндегі тексеру бағалаудың жалғыз
формасы болған жағдайда, бұл оқушыларды тест тапсыруға машықтандырып, сыныпта
меңгерілетін білім мен тәжірибе аясын тарылтып, сыныптағы оқу процесін шектеуі мүмкін.
Шешім қабылдау немесе оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беру
мақсатында бағалау нәтижелерін қолданудың жалпы білім беру мақсатына кері әсер ету
дәлелдері болған жағдайда бағалаудың валидтілігі күмән туғызуы тиіс.