34
Валидтілікті қамтамасыз етуге арналған нұсқаулық
(Чарльз Дарр материалдарының негізінде, 2005)
Валидтілік дегеніміз не және оның маңызы қандай?
Бұған дейін валидтілік нені бағалау керектігін өлшейтін бағалау (тестілеу)
құралы
ретінде жиі қарастырылды. Дегенмен соңғы кезде бағалау мамандары валидтілікті бағалау
құралының белгілі бір қасиеті ретінде қарастырмау керек деген тұжырымды ұстанады. Олар
валидтілікті бағалау нәтижелері негізінде қабылданатын интерпретациялар (түсіндіру) мен
қорытындылардың сапасын бағалау ретінде түсінуді ұсынады.
Басқаша айтқанда, бағалау
нәтижесі негізінде біз қаншалықты жақсы шешім (қорытындылар) мен әрекеттер жасаймыз
және олар қаншалықты негізді бола алатыны тұрғысынан қарауды ұсынады. Валидтілікті
бағалаудағы негізгі мәселе ретінде қарастыруға болады. Бағалау жүргізілген жағдайда оның
нәтижелері негізінде қабылданатын қорытындылар мен шешімдердің
негізді болуы аса
маңызды. Сонымен біз валидтілік деңгейін қалай бағалай аламыз?
Валидтілік деңгейін бағалау
Валидтілік деңгейін бағалауды қарапайым техникалық рәсімдердер деңгейінде
қарастыруға болмайды. Сондай-ақ бағалау валидтілігі абсолютті (шүбәсіз) шәкілмен
өлшенбеуі керек. Бағалаудың валидтілігі нақты оқушылар тобы үшін
қабылданған нақты
шешімдер мен қорытындыларға қатысты болады. Сондықтан валидтілікті анықтау осы
интерпретациялар мен шешімдерді растайтын дәлелдер жинақтауды қамтиды.
Мұндай
дәлелдер валидтіліктің жоғары, орта немесе төмен дәлелдерін көруге мүмкіндік береді. Олай
болса, қандай дәлелдер жинақтайтынымыз біздің қалай интерпретация жасап, қандай шешім
қабылдайтынымызға байланысты болады.
Мұндай валидтілікті зерттеу кейде валидтіліктің дәлелдерін құрастыру ретінде
қолданылады. Роберт Линн мен Дэвид Миллар (2005)
сияқты бағалау сарапшылары
валидтілікке қатысты дәлелдерде ескерілуі тиіс төрт негізгі түсінікті ұсынды. Оның үшеуі –
мазмұндық аспект, құрылымдық және критериалдық аспектілер валидтіліктің құрамдас
бөліктері болып табылады. Оларға кейіннен қосылған төртінші маңызды түсінік логикалық
тұрғыдан туындайтын салдарлық аспект болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: