35
шеше білу» немесе «математикалық пайымдау» болуы мүмкін. Оқылым дағдысын бағалауда
бұл көбіне «түсіну» дегенді білдіреді. Құрылымдық аспектілерін валидтілік дәлелдемесі
ретінде
қарастырған кезде, біз бағалау нәтижесі белгілі бір дағды мен біліктердің
қалыптасқаны туралы шешім шығару үшін қандай деңгейде қолданылатынын қарастырамыз.
Әдетте бағалау нақты дағды мен біліктерді меңгеру сипаттамаларына бағытталғандықтан,
валидтілікті бағалауда құрылымдық аспектілердің үлесі жоғары.
Бағалау тапсырмаларында құрылымдық
аспектілерді қарастыра отырып, біз
құрылымдық аспект дегеніміз не және ол қалай көрініс табатынын анық түсінуіміз керек.
Виггинс (1998) құрылымдық аспектілер жөнінде түсінік қалыптастыруға көмектесетін
төмендегідей сұрақтарды ұсынады:
Оқушы түсіну немесе бағалау дағдыларының күтілетін
деңгейіне қатысы жоқ
болуы себебінен тапсырманы жақсы орындауы мүмкін бе?
Оқушы түсіну немесе бағалау дағдыларының күтілетін деңгейіне қатысы жоқ
болуы себебінен тапсырманы нашар орындауы мүмкін бе?
Достарыңызбен бөлісу: