Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет37/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

 
 


39 
ГЛОССАРИЙ 
 
Ашық тапсырма 
дайын жауап үлгілері берілмеген тапсырма; білім алушы ойланып, өз 
жауабын ұсынады 
Бағалау 
білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқудан 
күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру 
процесі 
Бағалау критерийі 
білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі 
Бағалауға 
арналған 
тапсырма 
білім алушы тексеру кезінде орындайтын әртүрлі жаттығулар/ 
тапсырма. Көптеген тапсырмалар теориялық, тәжірибелік дағдыларды 
көрсетуге бағытталған кешенді сипатта болады 
Балл 
тапсырманы орындау нәтижесін белгіленген шәкіл бойынша 
бағамдаудың шартты бірлігі 
Балл қою кестесі 
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша 
бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте 
Блум 
таксономиясы 
1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум ұсынған танымдық 
саладағы оқу мақсаттарының жіктелуі. Ол ойлау дағдыларының алты 
деңгейін қамтиды: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау 
Білім алушының 
оқу жетістігі 
деңгейі 
бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін 
дамыту деңгейі 
Дескриптор 
тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін 
сипаттама 
Дистрактор 
(distractors) жабық тапсырманың дұрыс жауабына ұқсайтын, бірақ 
оның кілті болып табылмайтын жауап нұсқасы 
Жабық тапсырма
дайын жауап үлгілері ұсынылған тапсырма; білім алушы олардың 
ішінен дұрыс жауабын таңдап көрсетеді 
Жақын арадағы 
даму аймағы 
(ЖАДА) 
Л.Выготский енгізген ұғым; «баланың өз бетінше орындай алатынын 
дағды, қабілеттерімен анықталатын нақты білім деңгейі мен оның 
әзірше өз бетінше орындай алмайтын, бірақ үлкендердің немесе 
құрдастарының көмегімен жете алатын әлеуетті даму деңгейінің 
арасындағы аралық» дегенді білдіреді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет