7
М. 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200;
1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;
- үлкейту масштабтары:
М. 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1;
- нақты масштаб: М 1:1 қолданылады.
Бұл масштабтар барлық өндірістер мен құрылыс сызбаларын дайындағанда
міндетті түрде қолданылады. Кей жағдайларда ірі өндірістерді жобалау
кезінде мынандай масштабтар қолдануға болады: М 1:2000; 1:5000; 1:10000;
1:25000; 1:50000.
Айтып кететін бір жайт, егер сызба пішімде бірдей масштабпен сызылған
болса, онда масштаб белгісі негізгі жазу ішіндегі масштаб графасына
жазылады.
Ал, егер сызба пішімде əртүрлі масштабпен сызылған болса, онда масштаб
белгісі əр сызбаның үстіне масштабын жазып қояды.
Егер сызбада əртүрлі масштабтар болса, онда өзінің өлшемін миллиметр
арқылы көрсетіп қояды. Кейде құрылыс сызбаларын орындағанда метрмен
белгілеуге рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: