7 %
88 %
1,3 %
Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі - 88 % -
бұл сұраққа жауап бере алмады. Тек 7 % ғана
мемлекеттік
құрылымдардың
бюджеттің
гендерлік талдауымен айналысуы қажет деп
есептесе, 1,3 % оның қажеті жоқ деген пікірде.
Аймақтық деңгейде алғанда да пікірлердің бөлісі
тура осындай жағдайда. Ерлердің де (91,2 %),
әйелдердің де (86,1 %) көпшілігі мемлекеттік
құрылымдардың
бюджеттің
гендерлік
сараптамасымен айналысуы қажет пе, жоқ па
деген
сұраққа
жауап
бере
алмады.
Респонденттердің жас деңгейі бойынша да дәл
осындай жағдайды көруге болады. Орта және
арнайы орта білім өкілдері де (91 %), жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
респонденттер де (86,1 %) аталмыш сұраққа
жауап берген жоқ. Сондай-ақ басқа ұлт
өкілдерінің 89,1 %, қазақ ұлтының 87,9 % және
орыс ұлтының 87,8 % бұл сұраққа жауап берген
жоқ. Ауыл тұрғындарының 90,1 %, қала
тұрғындарының 87,3 % да жауап бермеді.
Мемлекеттік құрылымдар тарапынан бюджеттің
гендерлік талдауының қажеттілігі жөніндегі
сұраққа берілген жауаптардың мұндай бөлісі
бізге сауалнамаға қатысушылардың гендерлік
бюджеттендірудің өзі туралы айқын түсініктері
жоқ болғандықтан, онымен кімнің айналысуы
қажет екендігін де білмейтіндігін көрсетті. Бұдан
гендерлік
бюджеттендіру
мәселесі
қазақстандықтар үшін мүлде өзекті емес деген
тұжырым жасауға болады.
B.1. Гендерлік бюджеттендіру.
Сарапшылар пікірі
2016 жылдың мамыр-маусым айларында біз тағы
да сараптамалық сауалнама өткіздік. Алуан түрлі
қызмет ету салаларының кәсіби мамандарымен
(үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік
қызметкерлер, қоғамдық қайраткерлер және т.б.)
15 тереңдетілген жартылай құрылымдық сұхбат
жүргізілді.
Сарапшыларға
гендерлік
бюджеттендіруге қатысты 5 сұрақ қойылды. Енді
сараптамалық сауалнаманың нәтижелерімен
танысайық.
|