ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
14
да (66,6 %), орта
және арнайы орта білімді
информанттардың да (70,8 %) көпшілігі гендерлік
бюджеттендіруді білмейді. Тек 10,8 % жоғары
білімді және 8,9 % орта және арнайы орта білімді
респонденттер ғана гендерлік бюджеттендірудің
не екенін біледі. Гендерлік бюджеттендіру
бойынша ең аз
ақпаратқа ие қазақ ұлтының
өкілдері (69,7 %) болса, ең көп ақпаратқа ие –
басқа ұлттардың (8,8 %) және орыс ұлтының
өкілдері (8,6 %). Аталмыш мәселеден қала
тұрғындарына қарағанда (67,8 %) ауылдық елді
мекендердің тұрғындары (69,2 %)
азырақ
хабардар. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының
тек 7,9 %, қала тұрғындарының 10,8 % гендерлік
бюджеттендірудің не екенін біледі. Тағы бір айта
кететін жайт, «Басқа»
деген жауап нұсқасын
респонденттердің ешқайсысы таңдамады. Жауап
нұсқаларының мұндай бөлісі біздің зерттеуіміздің
қазақстандықтар үшін гендерлік бюджеттендіру
мәселесі өзекті емес деген болжамымыздың
дұрыстығын
көрсетеді.
Гендерлік
бюджеттендірудің не
екендігі, оның қандай
жолдармен дайындалатындығы, қандай пайдасы
бар
екендігі
және
онымен
кімнің
айналысатындығы туралы білетін адамдар аз.
Зерттеу барысында біз гендерлік мәселе
ерлерге
қарағанда әйелдер үшін маңыздырақ деген
тұжырым жасадық. Гендерлік мәселеде ерлерге
қарағанда әйелдердің көбірек ақпаратқа ие
екендігі байқалады.
B.18. Сіздің ойыңызша Мемлекеттік
құрылымдар (үкімет, мәжіліс, мәслихат)
бюджеттің гендерлік
талдауын
жүзеге асыруы қажет пе?
Достарыңызбен бөлісу: