Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет38/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
30
F.39. Сізге мектепте, колледжде, жоғары 
оқу орнында гендерлік білім (ер мен 
әйелдің жағдайын зерттеуге бағытталған 
арнайы пәндер, курстар) берілді ме? 
 
Сауалнамаға қатысушылардың 56 % гендерлік 
білім алмаған. Тек 15 % «Иә» деген жауапты атап 
көрсетті. 29 % гендерлік бағыттағы пәндерді 
оқыған, оқымағанын естеріне түсіре алмады. 
Гендерлік бағыттағы білімнен ең хабардар топ – 
Павлодар (23,6 %) және Алматы (23,4 %) 
қалаларының тұрғындары. Ал ең бейхабары 
Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты 
(76 %). Гендерлік курс өткен, өтпегенін ұмытып 
қалғандардың ең жоғары үлесі Астана қаласында 
(44 %). Әйелдердің де (58,6 %), ерлердің де (51,6 
%) көп бөлігі мектепте де, колледжде де, жоғары 
оқу орнында да гендерлік бағыттағы курстар 
өтпегенін 
алға 
тартты. 
Жауаптарды 
жас 
мөлшеріне қатысты саралау барысында да 
респонденттердің 
басым 
бөлігінің 
оқу 
ордаларында гендерлік бағыттағы курстарды 
өтпегеніне көз жеткіздік. Орта және арнайы орта 
білімі бар респонденттердің 57,2 %, ал жоғары 
және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 
респонденттердің 55,3 % ондай курстар өтпеген. 
Өзге ұлт өкілдерінің 58,5 %, қазақтардың 57, 7 %, 
орыстардың 51,4 %, сонымен қатар ауыл 
тұрғындарының 
60,2 

және 
қала 
тұрғындарының 54,6 % гендерлік бағыттағы 
курстар болмаған. Сауалнамаға қатысқандардың 
үлкен бөлігі (ауылдықтар 30,4 %, қалалықтар 29,2 
%) оқу ордаларында ондай курстарды оқыған, 
оқымағандарын ұмытып қалған.
F.40. Сіз ондай білімді қандай
пәннің аясында алдыңыз? 
Сауалнамаға қатысушылардың 84,8 % гендерлік 
теорияны қандай пәннің немесе курстың аясында 
оқығандарын айта алмады. Бұл дерек бізге 
алдыңғы сұрақ нәтижелерінің дәлеліндей болды.
Гендерлік 
білім 
алғаны 
есінде 
қалған 
респонденттердің көбі социология (4,9 %) мен 
психологияны (4,5 %) атап көрсетті. Гендерлік 
білім саясаттану пәнінің аясында ең аз 
қарастырылған екен (2,6 %). Гендерлік білімді 
жоғары 
білімді 
респонденттердің 
5,7 

психология, 5,3 % социология, орта және арнайы 
орта білімді респонденттердің 4,1 % социология 
пәнінің аясында алған. Этникалық деңгейде 
алғанда респонденттердің басым бөлігі аталмыш 
сұраққа жауап бере алмады (87,1 %, 86,4 %, 79,3 
%). Сондай-ақ қала тұрғындарының да (82,8 %), 
ауыл тұрғындарының да (91,6 %) көпшілігі бұл 
сұраққа жауап бермеді.
ҚР гендерлік теңдік стратегиясында гендерлік 
білімге оқытудың қажеттілігі атап көрсетілген. 
Онда тіпті БАҚ-тың гендерлік сезімталдығын өсіру 
шараларын қабылдаудың қажеттілігі де айтылған. 
Бірақ іс жүзінде қазақстандықтардың басым 
көпшілігі гендерлік білімге қол жеткізе алмайды, 
ол Қазақстанның ЖОО-да, колледждерінде, 
мектептерінде пән немесе курс, тіпті тақырыптық 
лекция түрінде де оқытылмайды. Гендерлік 
білімнің 
жоқтығының 
салдары 
ретінде
«гендерлік линзалардың» қалыптаспағандығын 
көреміз. Бар болса, адам ондай көзілдірік арқылы
шектеулерді, 
мұқтаждықтарды, 
ерлер 
мен 
әйелдердің құқықтарын көре алған болар еді.
Блок G. Денсаулық 
G.41. Сіздің ойыңызша
кім жиірек науқастанады –
ер адам ба, әлде әйел ме? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет