ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
35
H.48. Қазақстан ТМД
елдерінің ішінде
15-19 жастағы қыздар арасындағы
жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы
бойынша жоғары орында. Сіздің
ойыңызша мұның себебі зорлық-
зомбылықтың кең таралуында деп
санауға бола ма?
Сауалнамаға қатысушылардың 35 %
жасөспірім
қыздар арасында өзіне-өзі қол салудың белең
алуының
себебі
зорлық-зомбылық
болып
табылады деген пікірмен келіседі. 34 % бұл
сұрақтың жауабын білмейтінін айтты. Бұл жайт
респонденттер
сауалдың
мәнін
түсінбеді,
сондықтан келешекте
сауалнама әдістеріне
өзгертулер енгізу қажет деген ойға жетелейді.
Алынған
жауаптар
бойынша
сауалнамаға
қатысқан ерлердің 43,6 % жасөспірімдер
суицидін
зорлық-зомбылықтың
таралуымен
байланыстырудың қажеті жоқ деп біледі. Ал
сауалнамаға қатысқан әйелдердің 38,4 % зорлық-
зомбылықтың
таралуы
жасөспірімдер
арасындағы суицид құбылысының өсуіне тікелей
қатысты екендігіне сенімді.
Сауалнама нәтижелері
бойынша жас мөлшеріне
қатысты пікір айырмашылықтары байқалмады.
Респонденттердің білім деңгейі де олардың бұл
сұраққа берген жауаптарына әсер еткен жоқ.
Этникалық деңгейде де,
тұрғылықты жер
бойынша да бұл сұраққа берілген жауаптардан
айта қоярлықтай пікір айырмашылықтарын
көрмедік.
Достарыңызбен бөлісу: