74
Құнанбай ішкі есебін жүзеге асыруға жол ашты. Құнанбайдың көп
малына жайылымдық жер керек еді. Автордың Бөкенші, Борсақтың өз
жеріне көшіп келген сәтін: «Жартастан бері Сүйіндіктердің қарсы ал
-
дында қалың жылқы ендеп, жайылып келеді. Ішінде жирені мен құла
-
сы көп, Құнанбай жылқысы», - деп баяндауынан Құнанбай Бөкенші,
Борсақ жеріне олардан бұрын келіп, баса-көктеп жайлап алғаны жет
-
кізіледі. Мұхтар Әуезов Құнанбайдың бұл әрекетін баяндай отырып,
ел билеуші Құнанбайды қолындағы билікті өз мүддесіне жұмсайтын
әділетсіз сұлтан ретінде көрсетеді.
Сонымен қоса, Бөкенші, Борсақтың өкініші де Қодар мен Қамқа
өлімінің Құнанбайға ғана пайдалы болғанын ұғындырады. Роман
-
дағы «Арманда кетіпсің ғой, есіл ерім, Қодар-ай» - деген Сүйіндік
-
тің өкінішті сөзі дәлел. Бөкенші, Борсақтың бармақ тістеуін автор
қақпанға түскен қасқырлар сияқты елестетеді. Бұл сәтті автор тара
-
пынан қарастырғанда, Қодар мен Қамқа өлімі - Құнанбайдың жерін
кеңейту үшін ғана қолданған айласы деп есептеуге болады. Ой сала
-
тын тағы да басқа себептер бар.
Қодар мен Қамқа - жалғандық құрбаны. Автордың жеткізуі бойын
-
ша, Құнанбай ел арасындағы сөздерге ғана сүйенді. Ру басыларының
жиынындағы Сүйіндік пен Құнанбай арасындағы қызу талқы, Қодар
-
дың: «Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан қара бет?!»,
Қамысбайдан Қамқаның: «Жаным-ау, адам баласысың ғой... Осы
айбымыз не? Не қылмақсыңдар? Айтып өлтірсеңші?» - деген сөздер
Құнанбай үкімінің адалдығына күмән тудырады. Сондықтан бұл үкім
адал болды деп айту қиын.
Қорытындылай келе, Құнанбай шешімі арқылы автор қазақ еліндегі
биліктің халық жайынан алыс болғанын көрсетті. Билік әділ болғанда
ғана халыққа қызмет ете алады.
[3.52]
Достарыңызбен бөлісу: