Жазылу жолдары



Pdf көрінісі
бет1/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары



БЕШІМБАЕВА ҚАЛДЫҚЫЗ ЕСБОЛАТҚЫЗЫ
ЖАЗЫЛЫМ: ЭССЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
ЖАЗЫЛУ ЖОЛДАРЫ
 
элективті курсы
Астана, 2022


Қ.Е.Бешімбаева 
Жазылым: эссе және оның жазылу жолдары 
элективті курсы. – 
Астана, 2022. – 82 бет
Жазылымға арналған бұл курс төрт бөлімнен тұрады. Олар тіл үй
-
ренушілерге эссе жазуды дағдыландыруға арналған. Бұл әдістемелік 
құрал арқылы жанрды жүйелі түрде меңгере алады.


3
МАЗМҰНЫ
1. Түсініктеме.................................................................................4
2. Оқу-тақырыптық жоспар........................................................8
Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі
3. І Бөлім......................................................................................11
4. ІІ Бөлім.....................................................................................57
5. ІІІ Бөлім....................................................................................71
6. ІV Бөлім...................................................................................79
7. Пайдаланылған әдебиеттер...................................................81


4
Түсініктеме 
Қажеттілігі: «Жазылым: эссе және оның жазылу жолдары» элек
-
тивті курсы қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша эссе жазба жұ
-
мысын жетілдіруге бағытталған. 5 – сыныптың «Қазақ тілі» пәнінің 
базалық білім мазмұнына жазылым дағдысы бойынша эссенің бөлім
-
дерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиға
-
ны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу мақсаты енгізілсе, «Қазақ 
әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұнына бағалау және салысты
-
ру дағдысы бойынша әдеби эссе жазу мақсаты енгізілген. [1.3];[2.3] 
Білім мазмұнында эссе жазудан басқа да бірнеше мақсаттар бар. Орта 
мерзімді жоспарда әрбір мақсатқа талап негізінде сағаттар бөлінген
-
мен, қиындық деңгейіне қарай сараптағанда эссе жазуды меңгеру күр
-
делі үрдіс. 5 – сыныптың «Қазақ тілі» пәнінің орта мерзімді жоспарын
-
да «Ж4 (жазылым) Эссе жазу» оқу мақсаты әр тоқсанның бір бөліміне 
ғана, яғни жыл бойына 4 рет, ал қазақ әдебиеті пәнінде «Б/С3 (баға
-
лау/салыстыру). Әдеби эссе жазу» оқу мақсаты 6 рет қамтылған. [1.3]; 
[2.4] Бөлінген сағаттарды ескере отырып, оқушының эссе жазу дағ
-
дысын толық меңгеруіне қосымша көмек ретінде элективті курстың 
енгізілуі өзекті мәселе. Егер оқушы 5 – сыныпта эссе жазудың бастап-
қы кезеңдерін толық меңгермей қалса, онда одан кейін меңгерілетін 
келісу-келіспеу эссе – тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі 
құрастырып, көтерілген мәселе бойынша себептерін айқын көрсетіп 
жазу, дискуссивті эссе - берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары 
немесе себептеріне өз көзқарасын жазу, аргументативті эссе – мәсе
-
ленің артықшылығы мен кемшілігін салыстыру, екіжақты пікірді не
-
месе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп 
жазу, әдеби-дәлелдеме, әдеби-талдау, әдеби-салыстырмалы, әдеби-сы
-
ни эсселерді жазу оқушыға қиындық келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет