Жазылу жолдары



Pdf көрінісі
бет2/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары

Маңыздылығы:
Білім берудің ғаламдық принциптері білім алу-
шыға зор міндеттер жүктейді. Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орын
-
дарына мектеп бітірушілер мотивациялық хат, академиялық эссе жазу 
арқылы да қабылдана алады. Қазақстан мемлекеті оқушыларының да 
осы талапқа сай келуіне ықпал ететін білім мен дағдылардың бірі – 
эссе. Оны жаза білу ойлау қабілеттерін дамытуға қажетті дағдылар мен 
тұжырымдамалардың жоғары талаптарына қол жеткізуге дайындайды. 
Нақты мәселелерді шешу үшін принциптерді қолдана білуге, сыни ой
-


5
лау, мәселелерді шешу және кеңістіктік дағдылар туралы білімдерін 
бекітеді. 
Мақсаты мен міндеттері: 
Оқушыларға эссе тақырыбын түсіну
-
дің маңыздылығы, құрылымының әр бөлігін тереңдете меңгеру, эссе 
түріне қарай жазу тәсілдері туралы кеңінен білім беру және эссе жазу 
машықтарын жетілдіру. Эссе жазу оқушыға ойдың логикалық тізбегін 
сақтай білуді, сыни пікір білдіру, пікіріне аргумент, фактілер келтіруді, 
анализ жасай білуді, ойды қорытындылай білуді, көп оқуды, ақпарат
-
тарды іріктеп, сараптай білуді үйретеді. Бұл дағдыларды оқушы жазуда 
ғана емес, сөйлеуде де қолдана алады.
Ұсынылып отырған элективті курстың 
ерекшелігі
– практикалық 
жұмысының басымдылығы. Оқушы эссе жазудың әрбір қадамдарын 
бірнеше рет кері байланыс ала отырып меңгереді, жетілдіреді. 
Күтілетін нәтиже:
Курсты оқығаннан кейін оқушылар эссе құрылы
-
мын, құрылымдағы әр бөлімнің ішкі құрылымын және олардың 
маңыз дылығын біледі, қолданады. Эссе тақырыбынан ауытқымай те
-
зис қойып, тезисті негізгі бөлімде талдайды, одан қорытынды шаға
-
ра алады. Эссе түрлеріне қарай жазу тәсілдерін меңгереді. Аргумент, 
факт келтіруді үйренеді. Анализ жасай білетін болады. Элективті курс 
оқушылардан осындай жетістіктерді күтеді. 
Бағалау:
Сыни ой /Анализ/. Оқушының эссе тақырыбын түсініп, 
тақырыпқа қатысты сыни ой білдіруі, оны нақты аргументтермен 
дәлелдей білуі бағаланады. Эссе барысында оқушы тақырыптан 
ауытқымауы керек. Сыни ой, талдаулары тезистегі негізгі идеяға, 
ұстанымға сәйкес болуы қажет. Анализ жасау үшін алған дәлел
-
дерді, автор қолданған тәсілдерді түсініп талдай отырып, әдеби 
шығармаға сыни сараптама жасай білу дағдысы ескеріледі. Негізгі 
идеяға сәйкес ойдың логикалық бірізділігін сақтайды. Эссе бойын
-
ша өз талдауының, сараптауының түйінін қорытындылап, шешім 
ұсынады. 
Тіл сауаттылығы. Эссе тақырыбына сәйкес жазу стилін (баяндау, 
дәлелдеу, сипаттау) таңдай білуі бағаланады. Стильге қатысты сөз
-
дерді, ойдың логикалық бірізділігін сақтау үшін қолданылатын сөз 
оралымдарын (шылау, қыстырма сөздер) орынды қолдануы қажет. 
Тілдің бай сөздік қорын дәл, орынды, нақты қолдана білуі керек. 


6
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатында көркем тіл құралдарын 
қолдануы керек. Грамматикалық жағынан сауатты жазуы қажет.
Оқушының эссе жазуды меңгергендігі рефлексивтік есебі, өз
-
генің жұмысын бағалай білуі, өзгенің жұмысын жетілдіруге біл
-
дірген ұсыныстары арқылы анықталады. Рефлексивтік есеп беру 
арқылы өз жұмысын сараптайды: нені білді, нені түсінді, нені қол
-
дана алады, нені жетілдіру керек, ол үшін не істеу керек? Өз жұмы
-
сын түсініп, сараптай алатын оқушы өзгенің жұмысын да бағалай 
біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет