Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы
да,көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық сана баланың
сезіміне,ерік-жігеріне
әсер
етеді,
сезім-сананы
бекітуші,ерік-жігерді
ынталандырушы. Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен,дүниемен
қарым-қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-
қатынасты
бір
мезгілде
тәрбиелеу
және
дамыту
дүниетанымды
қалыптастырады. Баланың санасы,көзқарастары,сенімдерін ең алдымен
ғылыми негіздері қалыптастырады. Табиғи жаратылыстық бағыттағы пәндер
табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады.
Оқушылар түрлі фактілер жинайды,өмірді бақылайды.
Оқушылар өмірдің дамуындағы
сабақтастықты,қартаю,өлу себептерін,жаңа өсімдіктер
мен ағзалардың пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке
қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің,ғылым мен
техниканың адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы
бар. Ұлы адамдардың,ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі
туралы әңгімелер баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал
етеді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер
оқушыны қоғамда болып жатқан оқиғаларды дұрыс
талдауға үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді,
елімізде, шетелдерде болып жатқан оқиғаларға дұрыс
баға беруге баулиды. Өнер пәндері - әдебиет, бейнелеу
өнері, саз, театр, кино оқушының адамгершілік -
эстетикалық сезімін тәрбиелейді.
Шығармаларды
талдау,салыстыру,
қорытындылау
баланың
дүниетанымын
қалыптастырады. Өнердің түрлі салаларында
оқушылардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның
қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Оқушылар
өнердің тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс
істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені
қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта
жақсы жүреді, сондықтан көркемөнерпаздар
үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату,
шығармалар
жаздыру,
сахналық
қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың
дүние туралы ой-өрісін кеңейтіп, көзқарастары
мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының
дүниетанымының
қалыптасқандығын
оның
ғылыми
білімдерінің
тереңдігінен,
жүйелілігінен,
диалектикалық
ойлауынан
байқауға болады.
Жеке адамның дамуында жене мінез-құлқында дуниетанымның рөлін
баса айта келіп, А. С. Макаренко біз мектептерімізден әр уақытта, өз
өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс
өлшем табатын, жігерлі, идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек,
- деді. Сондықтан ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас
педагогикалық процестің барлық салаларына енуі керек. Оқыту жане
тәрбие жұмыстарының әр түрлі құралдарын, әдістерін мен тәсілдерін
жинақы пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың, ғылыми
көзқарастары, сенімі жене мұраты қалыптасады, табысты болады.Қай
уақытта болмасын дүниенің жаралуы, табиғаттың түрлі құбылыстары
туралы адамның өзіндік көзкарасы, түсінігі болды.
Бірсыпыра
ғалымдарымыздың
(Гузылхан А., Қалиев С.,
Оразаев М., Смаилов М.,
Сағындықов Е., Табылдиев
О. т.б. ) еңбектеріне сүйеніп ,
қазақ халқының танымдық
мұрасының қысқаша атап
кеткен жөн. Қазақ халкының
танымдық
мұрасының
молдығы кімді болса да таң
қалдырғандай. Қысқаша атап
өтейік
:
1.Ең көне ескерткіш тас бетіне салынған сурет - пиктограммалар.
Тастан қашалған тоғыз құмалақ тақтасының орны; адам маңдайынын,
мұрнының жене екі алақанының, тізелері мен табандарының ойық ізі;
жан-жануарлар, мал жетектеген адам бейнесі, т.б. олардың лайықты
сандық мөлшерде бейнелену белгілі бір ойды білдіретін жазу
екендігіне күмән жоқ.
2.Тастан үйілген обалар зерттеушілердің айтуынша қарапайым
обсерватория болған. Аспан шырақтарының қозғалысы анықталып,
ауа райы өзгеруі жобаланған.
3.Зәулім ғимараттар - даламызда бой көтерген сәулет өнерінің сан
ғасырлық тарихы.
6.Киіз үй - қазақ халқының сан ғасырлық акыл-ойының,
өмірлік тәжірибесінің табиғатты түсіне білуінің, шеберлік
пен даналық суреткерлігінің құдіретінің туындысы. Ол -
саулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің бірі. Күрделі
геометриялық беттердің біртұтастығының құрамы, олар
аспан санына негізделген. Белдеу - зодиактік шеңбер.
Шаңырақ - көк күмбезінің кішірейтілген бейнесі.
7.Шаруашылық есебін жургізу үшін қарапайым есептің
білімдер негізін білу қажеттілігіне сай бес саусақты
пайдаланудың әдістерін меңгерген. Саусақ буындарының
жылдың төрт мезгілін, жыл мезгіліндегі күннің ұзақтығын,
бала тәрбиесінде тіл ашу, дүниені құраушы тектерді
анықтау т.с.с. ұғымдар түсіндірген. Бес саусақ негізінде
құрылған білімдерді игеру негізінде әлемдегі бірлікті тану
жүзеге асады.
Мектепте оқыту оқушының дүниетанымың қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі.
Олай болса оқу процесінде бірқатар психологиялық және
педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.
1. Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезендерінің нақты
жоспарлауын қамтамасыз ету.
Бірінші кезеңде мектеп тұлгасының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір
пәнінін орнын анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізі философиялык, саяси-
әлеуметтік жане адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды.
Екінші кезеңде мұғалім тұлғаны айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді,
оларды пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық жене деректік сипатына қарай
күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, бірнеше басқышқа бөледі.
Үшінші кезеңі дүниетаным қорытындыларын топтауды міндет етеді.
4.Тұлғаның адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы.
Адамгершілікті көзқарасты қалыптастыру, тереңдету мен бекіту,
оқушыны қоршаған орта, оны коғамның - саяси белсенділікке,
өз бетіндік іс-әрекетке және жауапкершілікке итермелейтіндей
жағдайға қоюды талап етеді.
5. Мұғалім - ғылыми дүниетаным иесі жене оны жүзеге
асырушы. Жалпы, оқушының дүниетанудағы жәрдемшісі
мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық
жене әдістемелік даралығы бар, ой-өрісі кең және берік
көзқарасты адам болуы керек.Әр түрлі сыныптың және
мектептен тыс тәрбие жұмыстары тұлғаның ғылыми
дүниетанымын дамытудың қажеті туады. Мұндай тәрбие
жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының қоғамдық өмірге
ынтасын тербиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді,
олардың еңбекке, мамандықты тандап алуға көзқарасын
қалыптастырады.
Дүниетаным қалыптасуын біртұтас процесі білім берудегі
бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланысы арқылы
жүзеге асады. Білім беру, процесс бірлескен іс-әрекетімен
сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты - тұлғаны дамыту,
олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір
іс-әрекеттерінің жалпы бағыттық негізін калыптастыру.
Аналитикалық - жүйелік іс-әрекеттің натижесінде
( түсінікте, арман-мүраттарда, теорияларда) білім де, іс-
әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл сананың әр түрлі жақтары,
бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады. Осының
барлығы тұлға бойында білім мен білікке қоса ойлау мен
әрекет ете алуды дамытуды талап етеді.
Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның дүниетаным ұйытқысын құру,
ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының мәселесін мынандай етіп бөлуге мәжбүр етеді:
- объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы дүниетаным білімі болуы және оны
меңгеру;
-олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;
- олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімділік;
- индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып, меңгерілген білімді негіздеу;
- құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім
берудің біліктілігін жаңғырту, адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси,
экономикалық және басқа да құбылыс фактілерін талдау және бағалау;
- өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу;
- белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық (шешім қабылдау, іс-әрекет жоспарын жасау және
негіздеу, бағалау, қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлеледеу). Дүниетаным наным, сеніммен
байланысты
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы
баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-
бағдары айқындалады. Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы
ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды
жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және
жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды
жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды
өзгертеді. Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық
тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған
мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін
қалыптастырады. Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол
өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми
білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану
әдістерімен қаруландырады.
|