Development trends of modern education
78
ҒТАМР 10.27.21
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН
ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
ТАЛДАУ
К.У. Байжанова
З.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «КЕҰ Заң консультанттары» заң
консультанттары Палатасының төрайымы, Алматы қ.
Ж.М. Нурмаханова
Магистр, аға оқытушы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті, Алматы қ.
Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік, еңбек,
азаматтық және
өзге де құқық субьектіліктің ұстаушысы болуы мүмкін. Заңды тұлғаның
мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы
оның құқық субьектілігін
білуге болады. Заң әдебиеттерінде ұйымның құқық қабілеттілігін олардың
құқықтық субьектілігі деп атайды.
Жалпы айтқанда, азаматтық құқық
қабілеттілік дегеніміз – белгілі бір құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді
атқару қабілеттілігі. Жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да мүліктік
қатынас
субьектісі болғандықтан, олар құқық қабілеттілікке ие болулары қажет.
Заңды тұлғаларда құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір уақытта пайда
болады. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігі ол құрылған кезде
пайда болады және таратылған сәтте (мемлекеттік
реестрге заңды тұлғаның
таратылуы туралы жазба енгізілген соң) тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: