Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
71
(Ерекше бөлім) де бар, оның 1023 бабы заңды тұлғаның қайта құрылуы мен
жалпы кәсіпорынның иеліктен айрылған жағдайлардан басқа, құқықтан
айыруды және құқықтың фирмалық атауға өтуіне жол берілмейді. Фирмалық
атауының құқық иеленушісі басқа тұлғаға өзінің атауын шартта келісілген
тәсілдермен пайдалануға рұқсат ете алады (лицензия беру). Сонымен бірге
лицензиялық шартта тұтынушыны теріс бағытқа салуды жоққа шығаратын
шаралар қарастырылуға тиіс.
Өкінішке орай, келтірілген норма бірнеше ескертулер туғызады. Мәселен,
«лицензия беру» сөзінің жақша ішінде болуы заң шығарушының сонысымен
оны «шартпен келісілген тәсілмен пайдалануға рұқсат ету»
деген сөз тіркесінің
мағынасы жағынан ұқсастыратын әсер қалыптастырады. Қалыптасқан дәстүр
бойынша лицензия беру деп құқық тілінде өкілетті мемлекеттік органның
әкімшілік құқық шеңберінде жүзеге асырылатын іс-әрекет түсіндіріледі. Егер де
«лицензия беруді» одан кеңірек, яғни жалпы рұқсат беру деп түсіндіретін заң
шығарушының қисынына негізделсек, онда мүлікті жалдау (аренда) келісімін
де ақылы пайдалану немесе затты иелену және пайдалану құқығына лицензия
беруді қарастыратын шарт ретінде түсінген жөн. Мұндай ынғайдың
шарттардың жекелеген түрлері туралы азаматтық-құқықтық нормаларды
негізсіз шексіз бірдейлендіруге әкелетіні түсінікті.
Шынында, бөгде атауды өз қызметінде заңды пайдаланудың нарықтық
экономикасы дамыған елдерде жиі кездесетін құбылыс.
Құқық иеленушіде
болатын фирмалық атауды қараса, өзге тұлғаға кәсіпкерлік қызметте ерекше
құқықтың жиынтығын пайдалануға құқық беру қазақстандық заңнамада белгілі
кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) шеңберінде жүреді.
Мәселен, АК-тің 896 бабының 1 тармағында (Ерекше бөлім) сәйкес, кешенді
кәсіпкерлік лицензия бойынша бір жақ (лицензиар) екінші жаққа (кешенді
лицензиатқа) сыйақы үшін атап айтқанда, лицензиардың фирмалық атауын
және
қорғалатын
коммерциялық
ақпаратты, сондай-ақ лицензиаттың
кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартпен қарастырылған ерекше
құқықтардың өзге де объектілерін (тауарлық белгіні,
қызмет көрсету белгісін,
патентті, т.с.с) пайдалану құқығынан тұратын ерекше құқықтар жиынтығын
(лицензиялық жиынтық) беруге міндет алады.
АК-те қорғаудың түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ заңды тұлғаның
фирмалық атауына ерекше құқығының бұзылуы кезінде туындайтын өзге де
мәселелерді нақтылау жоқ. Сондықтан тиісті жағдай туындаған кезде
азаматтық құқықтарды қорғау туралы АК-тің жалпы ережелерін (9 бап), сол
сияқты 38 бабының 3 тармағын басшылыққа алған жөн.
Заңды тұлғаның фирмалық атауына ерекше құқығын қорғаумен
байланысты ережелер өзге де заңнамалық актілерде бар. Егеменді
Қазақстанның осындай актілердің алғашқылардың бірі 1991 жылғы 11
маусымдағы Қазақ КСР-нің «Бәсекелестікті дамыту және монополиялық
қызметті шектеу туралы» Заңы болып табылады. Оның 9
бабы әділетсіз
бәсекелестікке, соның ішінде бөгде фирмалық атауды басқа бір шаруашылық
субъектінің өз бетімен пайдалануға тыйым салады. Келесі бір акт – 1998 жылғы
Development trends of modern education
72
9 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Әділетсіз бәсекелестік туралы»
Заңы. Осы Заңның 5 бабына сәйкес әділетсіз бәсекелестік ретінде соның ішінде:
– тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өндірушісі
немесе сатушысына қатысты теріс бағытқа салуы мүмкін немесе соған әкелетін
фирмалық атауын заңсыз пайдалану;
– тұтынушыны тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің өндірушісі
немесе сатушысына қатысты теріс бағытқа әкелуі мүмкін бәсекелестің
фирмалық атауын тікелей қайта құру жолымен оның құжаттарын көшіру;
– бәсекелестің жеке басы беделін түсіретін өндірушінің сатушы туралы
көрінеу жалған мәліметтерді тарату және т.б.
Қайталап өтейік, заң шығарушы заңды тұлғаның атауы ерекше тіркеуді
қарастырмайтындықтан оның пайдалану жөніндегі
құқығы туралы даулы
жағдайлар туындаған кезде үйлестік бойынша «Жеке кәсіпкерлік туралы»
Заңының тиісті нормасын қолдану мүмкін болып көрінеді. Осы Заңға сәйкес
фирмалық атауға құқық туралы дау туған кезде оны пайдалануды бұрын
бастаған кәсіпкер тиесілі болады. Ал заңды тұлғаның тіркелуі және оның
атауының тіркелуі бір уақытта жүретіндіктен фирмалық атауға құқық жөніндегі
дау туған кезде осы атаумен бұрынғы тіркелген заңды тұлға басымдылыққа ие
болады.
Ең соңында фирмалық атауға құқық әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы Заңымен де қорғалатынын атай кетейік. Мәселен, Заңның 145 бабына
сәйкес бөгде фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер ол үлкен шығын
келтірмесе, заңды тұлғаларға 100-ге дейінгі айлық
есептік көрсеткіш көлемінде
айыппұлға әкеледі.
Қорыта келе мынандай тұжырым жасаймыз: заңды тұлғалардың
құқықтық жағдайын зерттеуді теориялық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі
негізделді; заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын зерттеу себептері
анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: