Қазіргі заманғЫ Әлемдегі саяси элиталар және олардың Әлемдік саясат пен экономикадағы рөЛІ



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата17.10.2023
өлшемі0,7 Mb.
#186214
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДЕГІ САЯСИ ЭЛИТАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК САЯСАТ ПЕН ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

Click to buy NOW!
PD
F-TOOLS
w
w
w
.tr
ack
er-softw
ar
e.
c
o
m
Click to buy NOW!
PD
F-TOOLS
w
w
w
.tr
ack
er-softw
ar
e.
c
o
m
Click to buy NOW!
PD
F-TOOLS
w
w
w
.tr
ack
er-softw
ar
e.
c
o
m
Click to buy NOW!
PD
F-TOOLS
w
w
w
.tr
ack
er-softw
ar
e.
c
o
m


90 
Соңғы уақытта елдер арасында әлемдік саясатта және экономикада таза 
сыртқы саяси шешімдер қабылдау, дипломатиялық шаралар қабылдау 
деңгейінің төмендеуі мен тиімділігінің кемуі, шарттар мен келісімдерді толық 
және мүлдем орындамау және басқару жүйесінің тірек күштерін сыртқы 
саясаттан ішкі саясатқа ауыстыру үрдістері белең алуда. Мұны Америка 
Құрама Штаттарындағы (АҚШ) Д. Трамп әкімшілігінің Латын Америкасы 
елдерімен жүргізіп жатқан саясаты, Қытай мен АҚШ арасындағы «сауда 
соғысы», Қытайдың Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Оңтүстік-
Шығыс Азия елдерімен «технологиялық бәсекелестік соғысы», Ресей мен 
Украина, Солтүстік Корея мен АҚШ, Иран мен АҚШ қарым-қатынастары, 
әлемнің көптеген елдерінің экстремистік және террористік ұйымдармен 
күресінің жүйесіздігі мәселерінен көруге болады. 
Әлемдік элиталардың қалыптасу үдерісіне сипаттама бере отырып, 
әлемдік өзгерістердің тарихи дәстүрлі формалардан өзгеше әртүрлі формаларда 
жүріп жатқандығын ерекше атап кеткен жөн. Оларға элита мен қоғамның 
арасындағы жіктің ұлғаюы, элиталардың ішіндегі ұйымдасу және жинақталу 
деңгейінің жоғарылауы, әлемдік саясат пен экономиканың негізі ретінде мәміле 
мен келісім рөлінің күшеюі, көшбасшылықтың «жұмсақ» технологияларының 
басым болуы жатады [3]. 
Қорытындылай келгенде, ұлттық, мемлекеттік деңгейден жоғары 
құрылымдардағы элиталар билігінің күшеюі жаһандық ауқымда монополиялық 
құрылымдардың пайда болуына алып келеді. Егер ұлттық, мемлекеттік, 
жергілікті деңгейдегі элита өкілдері қоғам мен билік арасындағы қарым-
қатынастарды, байланыстарды жүйелі түрде дамыту, басқару тиімділігін 
жоғарылату үдерістерін өте төмен қарқынмен жүргізсе немесе мүлдем 
жүргізбесе, жаһанданудың теріс жақтары ұлт, мемлекетпен бірге, оның 
элиталарын да жойып жіберуі де ғажап емес. Сонымен бірге, әлем елдерінің 
элиталарының және мемлекет ішіндегі элиталардың арасында ынтымақтастық 
пен татулықтың болуы да жаһанданудың теріс жақтарына төтеп беруге 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет