87
5. Е.Попова, Г.Матайбаева. Анализ
государственной поддержки
сельского хозяйства в Казахстане//Экономика и статистика.-№2019.-№2, с.55-
59
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДЕГІ САЯСИ ЭЛИТАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ӘЛЕМДІК САЯСАТ ПЕН ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
Шамишева Нургуль Каршыгаевна, доцент м.а.
Есжан Арай Нұрғазыұлы, 1 курс магистранты
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Аңдатпа. Мақалада қазіргі заманғы әлемнің саяси элиталарының
ерекшеліктері, саяси және экономикалық өзгерістер нәтижесінде пайда болуы
мүмкін жаңа элиталардың қалыптасуы мен өзгеру нұсқалары қарастырылған.
Саяси элиталардың әлемдік саясаттағы және экономикадағы мәселелерді
шешудегі маңыздылығы атап көрсетілді.
Аннотация. В статье рассмотрены особенности мировых политических
элит в современном мире, варианты формирования и изменения новых элит,
которые могут возникнуть в результате политических и экономических
изменений. Представлена значимость политических элит в решении вопросов
мировой политики и экономики.
Abstract. The article considers the features of world political elites in the
modern world, options for the formation and change of new elites that may arise as a
result of political and economic changes. The importance of political elites in
resolving issues of world politics and economics is presented.
Кілт сөздер: элита, жаһандану, әлемдік саясат, әлемдік экономика,
саяси элита, саяси шешімдер, трансұлттық элита, ұлттық элита.
Ключевые слова: элита, глобализация, мировая политика, мировая
экономика, политическая элита, политические решения, транснациональная
элита, национальная элита.
Key words: elite, globalization, world politics, world economy, political elite,
political decisions, transnational elite, national elite.
Адамдар ежелгі заманнан бері адамзаттың өмір сүруі
негізінен билік
өкілдерінің шешімдерінен тәуелді екенін айқын түсініп келеді. Олар жалпы
халықтың қажеттіліктері мен мүдделерін білдіруі мүмкін, бірақ шынайы және
көп жағдайда бұл аз ғана топтың жеке мүдделері мен мақсаттарын көздейді.
Сондықтан, барлық уақытта билік етушілердің (саяси жетекшілер, элита, оның
ішінде саяси элита) ерекше, жетекші рөлі ғылыми
зерттеулердің әрқашан
назарында болды. Әрине, бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар мен нұсқалар
болды, болып жатыр және әлі де бола береді. Қоғамның жоғары топ өкілдері
саяси элитаның болу және өмір сүру қажет
екендігі туралы әрдайым қолдап,
тұжырымдап келсе, төменгі, бағынушы топ өкілдері билеуші топтағылардың
билікте заңды болуы туралы мәселелерді талқыға салып келеді. Осы тұрғыдан