89
ерекшеліктің бірі – қоғамдағы шындықты ықшам, нақты суреттеп, көлемі
шағын туындыларды алға шығаруда.
Жазушы шығармаларының тілі ащы сарказмды құрал етпейді, жылы
юмормен әсер етеді. Тіршілік ету үшін әлдебіреулерге жалтақтап жүрген
қарапайым жандардың ішкі психологиясын шынайы жеткізеді. Автор диа-
логке шебер. Шығармаларынан өз бейнесі анық сезіліп тұрады. Сондықтан
өз ұстанымы да айқын түрде туындысының арқауы болып өріліп жатады.
Өйткені оның әңгімелерінде шынайы өмір суреті
бар және автор оны еш
әсірелеусіз жеткізе біледі. Мысалы, Ерболат Әбікенұлының «Елу теңге»
атты жинағында: «– Онда былай, межелі жер әлі ұзақ. Бұл жерден жүз
елу теңгеге такси ұстап тұрсақ, сәл ыңғайсыздау болады. Екі жүз теңгеге
ғой ұялмай отырасың. Бірақ сумаң етіп жетіп барғанда, тамақ дайын тұр-
маса, түнімен ішегіміз шұрқырайды ғой. Таңертең бірдеңе ішсек, бірсәрі,
қып-қызыл ашпыз. Нәр татпағанымызға бір тәуліктен асып барады. Сол
үшін, сөзсіз, елу теңге үнемдеуіміз керек. Оған буы бұрқыраған екі самса
тиеді, жүрек жалғап аламыз. Ол үшін, кемінде, жарты сағат жаяу жүру-
ге тура келеді. Сосын жүз елу теңгеге такси табам, қуана апармаса, арғы
қолыңды бері әкел...», – деп, ағасының інісіне айтып жатқан сөзінің өзі-
ақ шығарманың әлеуметтік тақырыпқа арналғанын сездіреді. Қалталарын-
дағы соңғы екі жүз теңгені такси жүргізушісіне беріп,
одан елу теңгесін
қайтара алмаған бауырлар сол күні аш жатады. Жол бойы бауырмалдық
танытып келген такси жүргізушісі қайтаруы тиіс елу теңгені қайтармай,
қиянат жасады. Алашақ елу теңгеге бауыры екеуі тамақ алатынын ойлап
келе жатқан аға төбелесуге де дайын. Оқиға ушығады. Жағдайды байқап
отырған інісі ағасына жалынып, төбелестің алдын алады. Дегенмен, көңіл-
де сыз қалады. Олар түнімен ұйықтай алмай шығады. Осылайша жазушы
кейбір адамдар арасындағы алдау, әлімжеттік жасау, екіжүзділік, т.б. жат
қылықтарды сынайды. Рас, соңғы кезде қоғам өзгерді, адамдардың ниеті
бұзылды деу бар. Дегенмен, әр дәуірде де тоңмойындар мен алаяқтар, са-
раңдар, арамтамақтар болған, сондықтан кең ауқымда ойлағанда, жазушы
Ерболат Әбікенұлының «Елу теңге» әңгімесі жалпыадамзаттық құндылық-
ты ұмытпау керектігін ойға салады.
Жазушының әңгімелер жинағында «Елу теңгеден» басқа «Ақын»,
«Желтоқсан ызғары», «Ит», «Министр», «Сүмелектер», «Жұмыртқа»,
«Күйеубала», т.б. шығармалары кейіпкерлер әлемімен, сюжеттерімен
әсерлі шыққан.
Ал «Тасбатыр» әңгімесі қазіргі заманның әдеби ертегісі деуге лайық.