Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Авторлар 5 I бөлім



Pdf көрінісі
бет2/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Авторлар


5
I бөлім
КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
Әдеби шығармаларды кейіпкерсіз елестете алмаймыз, ал кейіпкер уа-
қыт пен кеңістік ішінде өмір сүреді. Кейіпкердің өмір сүрген кезеңін ғана 
емес, оған қатысты әр қимылдың, іс-әрекеттің қай мезгілде жасалғанын 
біліп те отырамыз. Оған көркем туындыда баяндалатын ертеден жеткен 
аңыз, жырлар қосылады, сонда оқырманның әдеби шығарма арқылы қа-
былдайтын уақыт пен кеңістігі одан сайын кеңейе, ұлғая түседі. Көркем 
шығармалар осылайша оқырманды баурайды, өзінің әдемі әлеміне тартып, 
эстетикаға баулиды
.
Назар аудар!
Құрметті оқушылар, сендер 6-сыныпта Оралхан Бөкейдің өмірбаяны мен 
шығармашылығы туралы оқыдыңдар. Сол оқығандарыңды еске түсіріңдер. 
Жазушының қай шығармаларын оқып едіңдер? Енді Оралхан Бөкейдің басқа 
да көрнекті туындыларымен таныс боласыңдар.
ОРАЛХАН БӨКЕЙ
(1943-1993)
1943 жылы 28 қыргүйекте Шығыс Қазақстан 
облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауы-
лында дүниеге келді.
«Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, 
жалпы алғанда, Оралхан повестерінің негізгі та-
қырыбы десе де болғандай», – деп жазды Қа-
зақстан Республикасы Ұлттық Ғылым акаде-
миясының академигі Серік Қирабаев. Шынын-
да, Оралхан Бөкей
 
шығармаларының сюжеті, 
негізінен, қазіргі заман бойынша жазылған. Ол 


6
өз туындыларында әр кейіпкердің іс-әрекетін сөзбен жеткізіп қана қой-
майды, оның азаматтық ұстанымы, авторлық бейнесі айқын байқалады. 
Мысалы, соғыстан кейінгі адамдардың тағдыры туралы замандастарымыз-
ға ой салу мақсатымен жазылған «Біздің жақта қыс ұзақ» повесінде өз 
ұстанымы айқын көрінеді. 
Оралхан Бөкей шығармаларына арқау болған оқиғалар табиғаты көр-
кем өр Алтайдың баурайында өтеді. 
Жазушының қай-қай шығармасы да оқырманды бірден елең еткізген. 
Солардың арасында «Қар қызы», «Сайтан көпір, «Атау-кере», т.б. автор-
дың жазушылық шеберлігін, ойының тереңдігін танытады. Бұлардың 
бәріне де ортақ ой арнасы – гуманизм. Кейіпкерлерді таныған сайын адам 
туралы, жалпы өмір туралы да терең ойға қалдырады. 
Сюжет ұсынуда да шеберлік бар. Мәселен, қар қызы – фольклорлық 
образ. Ал онымен кездесу мүмкін бе, әлде ол тек қиялдан туған образ 
ба – мұны, әрине, зерттеу керек. Ал Оралхан Бөкей қар қызының бей-
несін 1978 жылы өз шығармасына басты кейіпкерлердің бірі етіп алып, 
оқырманға жаңа дүние ұсынды. Демек, автор фольклорды қайталамай-
ды, ол өзінің шеберлігін біле отырып, адамды қадірлеу туралы ой дәнін 
себеді. 
Ауылдағы механизатор жас жігіт – Нұржанның: «Иә, рас айтамын. Ше-
гарада служить еттім. Соғыстан айырмашылығы – атыспағанымыз, атысу-
ға жіберілмегеніміз ғана... Отанды оқ атпай күзету, анау-мынау соғыстан 
әлдеқайда қиын. Өйткені жау көзге көрініп тұрған жоқ. Сіздер секілді 
«уралап», «Тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деп, теріс қарап, көзді жұ-
мып, оқ жаудыра берген жоқпыз...» деген сөзі кейіпкердің жан дүниесін 
танытады және осы шынайылық негізінде жазушының өзі байқалады де-
ген де пікір бар. 
Шығарманың басты кейіпкерлері тракторшы үш жігіт болғанымен, оқи-
ға өтетін жер – Айыртаудың күнгейінде – Қоңқай, теріскейде – сиыршы 
қарт. Туындының идеясы сиыршы қарттың: «Ол адастырады, мен тауып 
аламын. Монданақтай жердің бетін бір жақсы, бір жамандық жайлаған. 
Ал егер мен осы Айыртаудан көшіп кетсем, Қоңқай зәлімнің жеңгені 
ғой», – деген сөзінен айқын аңғарылады. 
Оралхан Бөкейдің «Қар қызын» оқығанда, «Ер Төстік» ертегісіндегі 
Көлтауысар, Желаяқ, Таусоғарлар еске түседі. Өйткені шығармадағы 
әр кейіпкер өз иеліктерін таңдап, әркім өзіне лайықты орындарда қала-
ды. Мұндай ұқсастықты жазушы саналы түрде жасаған. Бірақ ол көпке 
белгілі халықтық ертегіні көшіріп алды деген сөз емес, керісінше, жа-


7
зушы өз ойын шеберлікпен жеткізу үшін ұтымды ой қалдырған. Жаны 
таза Нұржан сонау биіктегі жамандыққа жаны қас сиыршы қарттың 
қызы – қар қызы – Алмажанды ұнатып, сол жерде қалады. Ал Аманжан-
ның түсі Қоңқайға ұқсас екені айтылғаны жай сөз болып қана қалмаған, 
жол бойы жігіттер үлкен сынға түсіп тұрған кезде өз мәдениетін көрсетіп 
алған, сондықтан оның Қоңқай иелігін таңдауы да бекер емес. Осылайша 
жазушы философиялық ой қалдырады. Шындығына келгенде, жазушы 
«Ер Төстік» ертегісіндегі Көлтауысар, Желаяқ, Таусоғарды ойламаған да 
болуы мүмкін, алайда оның «Қар қызын» жазудағы шеберлігі оқырман-
ды ойландырады және осылайша шығармасын тартымды еткен. Оқырман 
үнемі осындай ұқсастықтың жауабын іздеп, ойланып жүретін болады. Со-
лайша жазушының әлеміне бойлай түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет