35
c) Малдан түк қалдырмай,
айдап алып кету
3. Алғашында күпсек қарға малтығып өлген елікті тауып алып, тал-
ғажау жасап еді, бұдан соң жазғытұрымның қара қатқағында қарға
мен сауысқанға ауыз салған.
Сұрақ:
Күпсек қар, талғажау деген сөздердің мәнін табыңдар.
a) көп қар; талдау
b) күпсек қар – үлпілдек, жұмсақ қар; талғажау – талшық, қоректік
зат.
c) көп қар;
талдырып тастау
ҚАСИЕТТІ САХНА ТӨРІНДЕ
Оқушы күнделігі
Оралхан Бөкейдің «Атау-кересі» қандай ой салды? Өз ойларыңды
жазыңдар. Мысалы, «Атау-кере» повесіндегі қай кейіпкерді өз айна-
ламнан көріп жүрмін? Менің өмірімдегі ең қымбат адам кім?
Ғаламтор
Сілтеме бойынша «Атау-кере» повесін толық оқи аласыңдар. http://tilalemi.
kz/viewer/viewer.php?file=/books/7456.pdf
Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының
актерлері «Атау-кере» пьесасын сахналауда. Қоюшы режиссері:
Мұратбек Оспанов
36
Қосымша оқу үшін:
Бөкей О. Шығармалары. Повестер. Т. 3. – Алматы: Ел-шежіре, 2013, 384 бет.
Ойталқы
«Қазіргі заман және құндылық» тақырыбында талқылау ұйым-
дастырыңдар. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық деген не?
Олардың арасына шекара қоюға бола ма?
Уақыт алға озған сайын
құндылық өзгере ме? Қоғам үшін, ата-ана үшін, жастар үшін не ма-
ңызды?
Артық болмас білгенің
БАЛАРАСЫ
Омарта шаруашылығы – ауыл шаруашылығының бір саласы. Ерте заманнан
бастап халық араларды тек бал үшін ғана емес, басқа да құнды өнімдер алу мақ
-
сатында өсірді. Мысалы, ара уы, прополис, балауыз,
ара желімі, т.б.
Қазақстанда арашаруашылығы кәсіпшілік ре-
тін де алғаш Шығыс аймақта дамыды. 1777 ж. Ре
-
сей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өзенінің бойы бал-
арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж.
Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет
Ірбіт жәрмең
-
кесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақ
-
тық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді.
XIX ғасырдың ортасынан бастап омарталар Жеті
-
су мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде,
Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады.
Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін
ең қолайлы жер болды.
Қазақстанда ара шаруашылығының дамуы
алмалы-салмалы омартаны кең
қолданудан басталады, оған дейін баларалары ағаш ұяларда өсіріліп келген еді.
Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар – Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Ми
-
хаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты.
Балараларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ – Алматы облысы Қа
-
банбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев.
(ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің сайтынан алынды)