Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет9/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШЕВ
(1948-2001)
«...Шын ақын! Қазір біз әлдебіреулерді ұлы 
ақын, данышпан ақын деп жатамыз ғой. Олар 
болса – бола жатар... Алдымен шын ақын болу 
керек! Міне, Әбдірашевтің Жарасқаны – қазір сау
-
сақпен санайтын өзінің буынындағы маңдайалды 
ірі ақын!»
(ҚР ҰҒА академигі Зейнолла Қабдолов)
 
Жарасқан Әбдірашев – көрнекті ақын, сыншы, аудармашы. Ол Қы зыл-
орда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылында дүниеге келген. Ал 2001 
жылы 10 ақпанда Алматы қаласында өмірден өтті. 14-15 жасынан бастап 
аудандық, облыстық газеттерге өлеңдері, әңгімелері жариялана бастады. 
Қазақ мемлекеттік университетінің (бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген. 
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, кейін «Қазақ әде-
биеті» газеті және «Жалын», «Жұлдыз» журналдарында қызмет еткен. 
Қазақстан Жазушылар одағында көркем аударма және әлемдік әдебиеттер 
байланысы Бас редакциясы төрағасының орынбасары, сондай-ақ көрер-
меннің көңілінен шыққан «Тамаша» телехабарының бас редакторы болды. 
«Тұңғыш кітап» деп аталған тырнақалды кітабы 1969 жылы жарық 
көрді. «Ақ қайран», «Найзағайлы жаз», «Саяхат», «Парасат пен парыз», 
«Дала, сенің ұлыңмын», «Әзілің жарасса», «Көңіл көкпары», т.б. кітаптары 
және «Сана соқпағы» атты үш томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 
Ал ақын өзінің көзі тірісінде «Құлпытас» атты жинағын дайындаған, ол 
ақын өмірден өткеннен кейін екі айдан соң жарық көрген. 
Аудармашы ретінде үнді ақыны Рабиндранат Тагордың, француз ақыны 
П.Элюардың, беларусь ақыны Янка Купаланың, орыс ақындары: Алек-
сандр Пушкин, Александр Блоктың, Агния Бартоның, т.б. өлеңдерін қа-
зақ тіліне аударған. 
Алматы қаласында 2001 жылдан бері Жарасқан Әбдірашев атындағы 
көше бар. Ақын тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды. 
Ал туған жері – Арал қаласында ақынның атында орта мектеп бар.


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет