Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет6/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Әдеби сын 
– әдебиеттану ғылымының бір саласы. 
Әдебиет – ардың ісі, сын ақиқаттың айнасы деп қабылданады. 
Әдеби сын көркем шығарма мазмұнындағы жазушының шындықты 
жеткізу шеберлігін талдап, жетістіктері мен кемшіліктеріне баға бе-
реді. Сыншы белгілі бір шығармаға талдау жасау барысында әдеби 
дамудың бағыт-бағдарын айқындап, ақын-жазушының образ жасау-
дағы, оқиғаны суреттеудегі сөз қолданысы мен көркемдік ерекшелік-
терін түсіндіреді. Шығарманың эстетикалық мәні мен тәрбиелік ма-
ңызын анықтайды, идеясы мен сюжеттік оқиғаларды құру тәсілдерін 
жан-жақты қарастырады. Жазушының сұлулықты суреттеу ерек-
шеліктеріне де мән береді. Қаламгер туындысының бүгінгі қоғамға 
ықпалы мен болашаққа қызмет етуі тұрғысынан зерттеу жасайды.
Роман
(
XI–XII ғасырларда роман тілдерінде жазылған әртүрлі 
шығармалар атауынан шыққан
) – күрделі және дамыған сюжетті, 
көбінесе прозалық, кейде поэзиялық нұсқада жазылатын көлемді 
шығарманың бір түрі. 
Әдебиеттің басқа жанрларымен салыстырғанда, романда баянда-
латын өмір кең ауқымда қамтылады, оқиғадағы тартыс шарықтау 
шегіне жеткенше, ұдайы даму үстінде суреттеледі. Романда кейіпкер-
лердің жеке өмірлерін, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын сурет-
теу арқылы дәуір мен қоғам, салт пен сана кеңінен танылады. 
Романдар жанр ретінде іштей: әлеуметтік-психологиялық, тарихи, 
биографиялық, т.б. түрлерге бөлінеді. 
Эпизод
– көркем шығарма желісінде мәні бар жеке-жеке оқиғалар, 
бас-аяғы тиянақталған бөлшектер. 
1. 6-сыныпта Оралхан Бөкейдің қай шығармаларын оқыдыңдар? 
2. «Атау-кере» повесінің жанрлық ерекшелігін анықтаңдар. Повесть 
жанрының прозадағы басқа жанрлардан айырмашылығы неде? 
1. Атау-кере деген не? 
2. «Атау-кере» туындысының кәсіпке қатысты қандай ерекшелігі бар?


33
3. Шығарма қай кезеңде жазылған? 
4. Шығармада қазақ тарихында болған қандай жағдай баяндалған? 
5. Жазушының өзге тілден енген сөздерді қолдануы нені білдіреді? 
1. Туындыны оқи отырып, өздерің түсінбейтін сөздерді іріктеп жазың-
дар. Төмендегі сілтемелер бойынша сөздікте жоқ сөздердің мағына-
сын анықтаңдар. 
а) http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1178800
ә) https://kazakh.academic.ru/
Ол сөздердің арасында көркемдік құрал ретінде қолданылғандары да 
болуы мүмкін екендігіне мән беріңдер. 
2. Жазушының көркем тіліне мән беріп, мақал-мәтелдерді, фразеоло-
гизмдерді теріп жазыңдар және олардың бүгінгі қолданысы туралы 
айтыңдар. 
3. Жазушы шығармасында аталатын жер-су атауларын картадан табыңдар. 
4. Жазушының экологияға қатысты азаматтық ұстанымы қандай жағ-
дайлардан байқалады?
5. Ерік пен Тағанның образдарын ашу үшін көріністер ұйымдастырың-
дар. Олардың образдарын сомдау үшін қандай көркемдік құралдар 
мен тәсілдерді қолдануға болатынын жазыңдар.
6. Кестені толтырыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет