8
«Шалбарының құйрығына тері тігіп алған әкесі сол қия жерде артымен
сырғып, шөп шабатын. Қалың өскен шалғынның
арасынан бойы көрін-
бейтін. Анадайдан қараған адам жап-жасыл шалғын өзінен-өзі жапыры-
лып жатқандай зәре-құты қалмай, қорқушы еді». Енді ұлы Аман «Сайтан
көпірден»
өтуі керек боп, өмір мен өлімнің арасында қалғанда,
әкесінің
рухы көмекке келді. Талықсып жатқан Аманның көз алдына әкесінің жер-
ге көмілген екі сирағы елес түрінде келіп, баласының санасына сілкініс
тудырып, алып шығады. «Мықтылық дегеніміз –
әдемі тұрмыс құрып,
бақытты ғұмыр кешу емес, қоржын арқалап жүрсең де, адамдығыңды жо-
ғалтпау», міне, Оралхан Бөкей шығармаларындағы басты идея – осы.
Жалпы, Оралхан Бөкей шығармаларының арқауы – өмір – адам – таби-
ғат. Кейіпкерлер табиғат аясында адамға лайықты өмір сүрулері керек, ең
бастысы, жазушының ұсынар үлгісі – осы.
Достарыңызбен бөлісу: