Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты
3.2.3.4
Қан айналымы жүйесін және оның адам
ағзасындағы рөлін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Қанайналым жүйесінің мүшелерін атайды
•
Қанайналым жүйесінің қызметін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Сұрақтардың көмегімен қанайналым жүйесінің қызметін түсіндір.
•
Қанайналым жүйесіне қандай мүшелер жатады?
•
Жүрек қандай қызмет атқарады?
•
Қанды жүрекке жеткізетін тамырлар қалай аталады?
•
Күретамырлар қандай қызмет атқарады?
•
Қан ағзаны қандай заттармен қамтамасыз етеді?
•
Тамырдың соғуын қалай анықтауға болады?
•
Қанайналым дегенді қалай түсінесің?
•
Бұл жүйенің адам ағзасындағы рөлі қандай?
Дескриптор
Білім алушы
-
қанайналым жүйесінің мүшелерін атайды;
-
қанайналым жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды.
24