Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет30/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

кристалдық 
торлар
деп аталады, ал сол торлардың орналасқан орындары 
түйiндер
деп 
аталады (3 - сурет).
Кристалдардың сыртқы пiшiнiнiң 
дұрыстығы - олардың реттелген 
құрылысының бiр ғана салдары 
емес. 
Олардың ең басты 
ерекшелiгi кристалдың физикалық 
қасиеттерiнiң ондағы таңдалған 
бағытына байланыстылығында.
Кристалдардың бұл қасиетi 
анизотропия
деп аталады.
Барлық кристалды денелер анизотропты болып келедi.
Анизотропияның бiр себебi - кристалдық тор түйiндерiнiң 
тығыздығы әр түрлi бағытта әр түрлi болған жағдайдағы, 
бөлшектердiң дұрыс ретпен орналасуы. Осы бағыттардағы 
бөлшектердiң өзара әсерi де бiрдей болмайды. Бұдан, әр 
түрлi бағыттардағы кисталдардың 
механикалық берiктiгi
әр түрлi екендiгi шығады.
Көптеген кристалдар 
жылу
мен 
электр тогын
әр бағытта әр-түрлi өткiзедi. Кристаллдың 
оптикалық
қасиеттерi де оның бағытына байланысты болуы мүмкiн.
Белгiлi бiр температураға дейiн қыздырғанда (әр 
заттың өз температурасы бар ) зат қатты кристалдық 
күйден сұйық күйге өтедi. Осы процесс 
балқу
деп 
аталады, ал балқуға ұшырататын температура 
балқу 
температурасы
деп аталады.
Монокристалдар мен поликристалдар.
Қатты 
денелердiң негiзгi түрiне металдар жатады. Олардың 
да кристалдық структурасы бар. Бiрақ , бiр 
қарағанда, олардың кристалдық құрылымы не сырт 
пiшiнiнен, не физикалық қасиеттерiнен 
байқалмайды. Металдар кәдiмгi күйде 
анизотропияны анықтай алмайды. Себебi металл 
көптеген өзара бiтiсiп кеткен кiшкентай 
кристаликтерден
тұрады. Олардың әр қайсысының қасиеттерi бағытына байланысты, бiрақ олар бiр-
бiрiне қарағанда ретсiз бағытталған. Сондықтан, көлемi жекелеген кристаликтердiң көлемiнен 
анағұрлым үлкен металл iшiндегi барлық бағыттар тең және оның қасиеттерi барлық бағытта бiрдей 
болады.
Көптеген кiшкентай кристаликтерден тұратын қатты дене 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет