23
Енді пластилин кесегін алақанымызға салып кысайық. Қолымыздағы пластилин оп-оңай кез келген
пішінге келеді. Ал пластилиннің бастапқы пішінге келуі жүзеге аспайтыны өзі-нен өзі түсінікті.
Бұрын қандай пішінде болғаны пластилиннің «есінде де жоқ».
Сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін жойылмайтын деформациялар пластикалық
деформациялар деп аталады.
Тіпті бір шамалы (бірақ қысқа мерзімді емес)
әсерлердің өзінде
балауыз, пластилин, балшық, қорғасын пластикалық деформацияға ұшырайды.
Созылу деформациясы (сығылу).
Егер бір ұшы бекітілген біртекті стерженьге оның осі бойымен,
өзінен тысқары бағытта
күшімен әсер етсек (41-сурет), онда стержень созылу деформациясына
ұшырайды. Созылу деформациясы
абсолют ұзарумен (1.3.3.1) және салыстырмалы ұзарумен
(1.3.3.2) сипатталады:
(1)
ε=
(2)
Денелерді немесе материалдарды серпінді, пластикалық не морт деп атау жиі кездеседі.
Серпінділік.
Қез келген материалдан жасалған дене аз деформацияның өзінде серпінді
дене сияқты
болады. Жүкті алғаннан кейін оның өлшемдері мен пішіні қалпына келеді. Сонымен бірге денелердің
барлығында дерлік азды-көпті дәрежеде пластикалық деформация байқалады.
Материалдың механикалық қасиеттері әр алуан. Резеңке немесе болат сияқты материалдар біршама
үлкен кернеу мен деформацияларда серпінділік қасиеттерді байқатады. Мысалы,
Гук заңы болат
үшін ε=1%-ке
жеткенге дейін, ал резеңке үшін анағұрлым үлкен мәніне —
ондаған процент
шамаларына дейін орындалады. Сондықтан мұндай материалдарды серпінді материалдар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: