71
Сабақ № 43
Тақырыбы: 3.2.2
Радиобайланыс принциптері.
Сабақ жоспары:
1.
Радиобайланыс принципі
2.
Амплитудалық модуляция және демодуляция
3.
Детекторлы қабылдағыш
Радиобайланыс принциптері.
Электромагниттiк толқындардың көмегiмен алысқа сымсыз хабар жеткiзудiң мүмкiндiгiн алғаш рет
1895 жылы 7 мамырда орыс инженерi А.С.Попов дәлелдеп көрсеттi. Бұл күн бүгiнде радионың туған
күнi атап өтіледі. А.С.Попов алғашқыда өзiнiң ойлап тапқан радиоқабылдағышын найзағай ойнаған
кезде туындылайтын электромагниттiк толқындарды тiркеу үшiн қолданған.
Радиоқабылдағышты ойлап табумен қатар, 1896 жылы А.С.Попов
электромагниттiк толқындарды таратқыш қондырғыны да құрастырды. Бұл
радиотаратқыштың негiзгi тетiгi электромагниттiк толқындардың көзi болып
табылатын ұшқын разрядтарымен жалғанған антенна болатын. Осындай
радиотаратқыштан 250 м қашықтықта орналасқан радиоқабылдағышқа тұңғыш
рет «Генрих Герц» деген екi сөзден тұратын радиограмма берiлдi.
Радиотехниканың дамуына сонымен қатар
Поповтан бөлек жұмыс iстеген итальян
инженерi Г.Маркони да елеулi үлес
қосты. Ол 1901 жылы алғаш рет Атлант мұхиты арқылы
радиобайланыс орнатты.
Радионы ойлап табу техниканың дамуындағы үлкен жетiстiк едi.
Бұл жетiстiк адамдардың өмiрiне елеулi өзгешелiктер алып келдi.
Бүгiнгi күндi радиобайланыссыз көзге елестету мүмкiн емес
екендігі бәрімізге белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: