50
Ғылыми мәтін құрастыру барысында мәтін құраудың арнайы әдістері мен құралдары
қолданылады: нақты композициялық құрылым, бөліктердің логикалық үйлесімділігі, негізгі
ережелер мен тұжырымдардың күшейтілген екпіні.
Ғылым
саласындағы жазбаша аргументтердің негізгі түрлері
- монографиялар,
диссертациялар және ғылыми мақалалар. Көлемді зерттеулерде, яғни диссертациялар мен
монографияларды таныстыруда ұтымды презентация жасау, алдын-ала дайындалған егжей -
тегжейлі жоспарсыз жүзеге аспайды. Жоспардың негізгі құрылымдық элементтері: тақырып
атауы, кіріспе,
негізгі бөлім, қорытынды.
Монографиялар мен диссертацияларда негізгі материалды ұсыну барысында бөлімдерге,
тарауларға, абзацтарға бөлу маңызды. Сонымен қатар, әрбір тараулар мен бөлімдердің өзара
байланысы сақтала отырып, олардың әрқайсысы жұмыстың салыстырмалы түрде дербес
бөліктері ретінде қарастырылады.
Сондықтан кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды секілді
тарауларды қамтиды. Мәтінді абзацтарға бөлуге ерекше назар аудару керек: абзацқа бөлу
мәтіннің семантикалық бөліктер жүйесі ретінде қарастырылатындығының дәлелі. Мағыналық
тұрғыдан маңызды элементтер абзац ішінде қызыл сызықпен, сызықша көмегімен және т.б.
тәсілдер арқылы белгіленеді.
Қорытындыда орындалған жұмыстың нәтижесі көрсетіледі, қорытынды жасалып,
практикалық ұсыныстар жасалады.
Ғылыми
мәтіндерде, сондай –ақ, библиографиялық анықтамалар мен сілтемелерде
дәйексөздің рөлі маңызды - ол мәтіндегі қосымша аргументтер қызметін атқарады.
Дәйексөздерді қолдану мәтінді берілген тақырыпқа арналған еңбектердің көлемдірек ғылыми
контекстіне енгізуге, жұмыстағы байланысты байқауға, сонымен қатар зерттеудің жаңашылдық
деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Ғылыми стильдің ерекшеліктерін көрсететін көрнекі құралдар - бұл материалды неғұрлым
ықшам, әрі көркем формада ұсынуға көмектесетін кестелер, графиктер, фигуралар.
Ғылыми аргументтеудің арнайы жанрлары - аннотация, рефераттар мен шолулар. Оларды
қосалқы мәтіндер немесе мәтіннің үстіндегі мәтін деп атауға болады.
Олар мақалалар,
монографиялар, диссертациялар сияқты қолданыстағы түпнұсқа мәтіндер негізінде әзірленеді,
яғни, оларды қысқаша сипаттау (аннотация), егжей-тегжейлі сипаттау мен талдау (реферат)
немесе кез-келген мәтіннің немесе мәтіндер топтамасының маңыздылығын бағалау (пікір,
рецензия) түрінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: