~173~
-
орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу
үрдісінің толықтай аяқталмауы.
Аймақтар экономикасын мемлекеттік ретеу еліміздің жəне оның жекелеген
аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойылған мақсаттарға
жетуді көздейтін мəселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық
саясаттың мəні
-
жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді
басқару болып табылады.
Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға
болады:
-
əрбір аймақтағы халықтың тұрмыс
-
жағдайының деңгейін теңестіру;
-
дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан
айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін
жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта
құру тек ірі, жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір
аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажетті ресурстардың
жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі қызметі артта
қалған аймақтарды
-
даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мұндай жағдайлар
халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс.
-
аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;
-
тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: