Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Медициналық қызмет нарығында ҚР халқын əлеуметтік қорғаудың



Pdf көрінісі
бет109/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Медициналық қызмет нарығында ҚР халқын əлеуметтік қорғаудың 
негізгі бағыттары. 
 
Халықты əлеуметтік қорғау

мемлекеттің əлеуметтік саясатының ең 
негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде 
мемлекеттің əлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Əлеуметтік 
саясат аясында халықты, соның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, 
асыраушысынан айырылған, мүгедек жандар, жетім балалар əлеуметтік 
қорғалады.
Нарыққа өту жағдайларында халықтың əлеуметтік қорғалуын қолдау мен 
нығайтуға бағытталған мемелекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс қабылданған 
əлеуметтік саясат

тұрғылықтың кепілі, ал саясат негізінде əлеуметтік қорғау 
жүйесі жатыр. Егер елімізде əлеуметті тұрақтылық болмаса, халық өз тұрмысына 
риза болмай жиі жиі ереуілденіп
тұратын болса, сөйтіп əлеуметтік сілкіністердің 
еліне айналатын болса, басқа мəселелердің барлығы бос əңгіме болып қалмақ. 
Сондықтан қазіргі кезде Елбасының соңғы жолдауында Қазақстан əлеуметтік 
экономикаға нысандауы тиіс деп белгіледі. Сөйтіп, əлеуметтік
қорғау нысаналы 
сипат алып, халықтың əлеуметік

демографиялық жəне басқа да сипаттамалары 
бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қабілетсіз 
топтарына ғана бағытталуға тиіс. 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес азаматқа ауырған, 
мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда жəне өзге де заңды 
негіздер бойынша жалақы мен зейнетақының аз мөлшері, жасының жетуіне 
байланысты əлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. 
БҰДСЖ
-
да медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды жəне 
қаржыландыруды жетілдіру негізінде мынадай міндеттер жатыр:


~174~ 
1.
Əлеуметтік бағдарланған БМСК
-
ның басым дамуына негізделген 
денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
2.
Денсаулық сақтау саласында басқару жəне менеджмент жүйесін 
жетілдіру;
3.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
4.
Медициналық көмектің жоғары сапалы жəне қол жетімді болуын 
қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай күйі, санитарлық

эпидемиологиялық ахуал жəне денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
соңғы он 
жылдықта оң үрдістермен де, сол сияқты теріс үрдістермен де сипатталады. 
Соңғы жылдары негізгі медициналық көрсеткіштерді

тууды, өлім

жітімді, өмір 
сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткізілді. Жұқпалы аурулармен 
ауру төмендеді. Денсаулық сақтау саласында бірқатар рефермалар жүргізілді, 
олардың бір бөлігі табысты іске асырылды. Соңғыларына міндетті медициналық 
сақтандыру жүйесін құруды, отбасылық медицина моделіне көшуге əрекеттенуді 
жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтік құқықтық базасын 
құруды, денсаулық сақтандыруды қаржыландырудың елеулі ұлғаюын оң 
өзгерістер ретінде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазіргі заманғы клиникалардың 
құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделі жөндеу жүргізуге 
жəне олардың материалдық

техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу

диагностикалық үрдісіне жаңа медициналық технологиялар енгізуге мүмкіндік 
туғызды. Медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту жəне оның 
қолжетімділігін арттыру нəтижесінде бірқатар жұқпалы жəне басқа да ауруларға 
қатысты халық денсаулығының жай күйінде оң үрдістерге қол жеткізілді. 
Əлеуметтік жағынан елеулі аурулардың жоғары көрсеткіштері сақталуда. 
Психикалық жəне наркологиялық аурулар, қант диабеті, өңеш

өкпе аурулары, 
жүрек
-
қан тамыры патологиясы, туберкулез, жыныстық жолмен берілетін 
жұқпалы аурулар, қатерлі ісіктер елеулі мəселе
болып табылады. Өкінішке 
қарай, бүгінгі таңда денсаулық сақтау аурулардың алдын алуға емес, емдеу 
сипатындағы шараларға көбірек бағдарланған, ал халық өз денсаулықтарын 
жеткілікті дəрежеде сақтауға бағдарланбаған. Атап айтқанда асқынған
ісік 
ауруларының анықталуы
өсуде, сондай

ақ халықтың жүрек

қан тамыры 
ауруларынан қайтыс болуының
жоғары көрсеткіші айғақтайды.
Медициналық қызметтің қолжетімділігін, уақыттылығын, сапасы мен 
сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, əлеуметтік 
бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық əл

ауқатының 
орнықты жəне тұрақты өсу тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі 
басымдықтардың бірі болып табылады. Медициналық қызметтерге қол 
жеткізудің əркелкілігі мен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы 
сақталуда. Мысалы, Қазақстан халқының 40% астамын ауыл адамдары құрайды. 
Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге орналасқан
Астана, Алматы
қалалары. Бұл еліміздің əртүрлі өңірлеріндегі науқастардың 
сапалы жəне жоғары технологиялық медицинаға қол жетімділігін қиындатады. 
Мысалы, ТМККК арналған шығыстарды жұмсау бір тұрғынға шаққанда 12
964 
теңгеден 21
289 теңгеге дейін құрайды. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаның 


~175~ 
негізгі міндеті медициналық көмекті өңірлік теңестіру, қазақстандықтардың 
сапалы жəне жоғары технологиялық медициналық көмекке əділ қол жеткізуін 
қамтамасыз ету болып табылады. 
«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін 
іске асыруда дəрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканы реттейтін нормативтік құқықтық актілер əзірленді.
Дəрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы тіркеу, сертификаттау, сапасын, сондай

ақ олардың жарнамасын 
бақылауды қамтамасыз ету қызметі тəртіпке келтірілген. Ұлттық ақпараттық 
дəрі

дəрмек орталығы құрылды. 
ҚР Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру 
кеңесінің міндеттері:
-
салауатты өмір салты жəне мінез

құлық факторларымен түсіндірілген 
əлеуметтік мəні бар аурулар деңгейін төмендету;
-
дұрыс тамақтану;
-
мектеп оқушылар жəне жасөспірімдердің денсаулығы;
-
жол көлік қауіпсіздігі;
-
төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл медициналық құтқару көмегі;
-
туберкулезге, ЖИТС
-
ке қарсы күрес;
-
аса қауіпті инфекцияларды алдын алу мəселесі бойынша сектор аралық 
бағдарлама əзірлеу;
-
дене тəрбиесі жəне спортты дамытудың салалық бағдарламасын əзірлеу.
Халыққа көрсетілетін БСМК қызметі түбегейлі өзгерді. БМСК

ның 
қолжетімділігін, тиімділігін, сапасын арттыру жəне дамыту мақсатында жалпы 
дəрігерлік тəжірибе негізінде БМСК

ны көрсетудің ұтымды нысандарын
жəне 
əдістерін əзірлеу мен енгізумен қатар медициналық

əлеуметті бағытылықты 
дамыту көзделуде. Елімізде халыққы көрсетілетін тегін медициналық көмектің 
тізімі ұлғайды. ТМКК көлемі ҚР азаматтары мен оралмандарға бюджет 
қаражаты есебінен ұсынылады. ТМКК көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау 
мекемелері:
-
фельдшерлік

акушерлік пункт (дəрігерге дейінгі көмек);
-
дəрігерлік

амбулатория, емхана жəне учаскелік аурухана (дəрігерлік 
көмек);
-
аудандық орталық аурухана, диспансерлер (білікті дəрігерлік көмек);
-
облыстық, қалалық аурухана, диспансерлер, жедел медициналық 
жəрдем ауруханалар мен станциялары, республикалық орталықтар мен ғылыми

зерттеу институттарының клинакалары (мамандандырылған дəрігерлік көмек)
Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі енетін Астанада 
медициналық кластер құрылды. Кластерге енетін объектілер заманауы сапалы 
медициналық жабдықтармен жабдықталған. Бұл объектілер JCI əлемдік сапа 
сертификатын алды. Болашақта осындай сапалы орталықтарды Қазақстанның 
көптеген өңірлерінен ашу медициналық қызметтің сапасын одан да жақсарта 
түспек. Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін 
қажетті
жағдай жасалды. Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық 
қызметтермен қамтитын көлік медицинасы қарқынды дамуда. Қазақстанның 


~176~ 
көптеген шалғайдағы елді мекендеріне жылжымалы көлік медицинасы алдын 
ала тексерумен халық арасындағы көптеген ауруларды алдын
ала анықтауда. 
Жол апаттары жиі кездесетін жол бойларында бастапқы медициналық қызмет 
көрсететін орталықтардың ашылуы адамдарды өлімнен, мүгедектіктен алып 
қалуда. Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға жəне 
олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар халыққа көрсетілетін 
ТМКК тізімі ұлғайды. Соның ішінде
Соңғы жылда халықтың саны 14 млн

нан 
17 млн адамға дейін өсті.
Халықтың өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет