Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет126/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

 
Пациенттердің
 
міндеттері
 - 
өз денсаулығын сақтауға жəне нығайтуға 
шаралар қолдануға; медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен 
сабырлылық көрсетуге; диагноз қою жəне ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл 
ақпаратты дəрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін 
емдеуші дəрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға; медициналық 
ұйымның ішкі тəртібінің қағидаларын сақтауға жəне мүлкіне ұқыпты қарауға, 
медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта 
болуға; диагностика мен емдеу процесінде, сондай
-
ақ айналасындағыларға қауіп 
төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы 
жай
-
күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы
хабардар етуге; 
басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс
-
əрекеттер жасамауға; ҚР 
заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға; медициналық ұйыммен 
жасалған шартқа сəйкес амбулаториялық деңгейде медициналық жəне дəрілік 
көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.
Медициналық
 
көмектен
 
бас
 
тарту
 
жағдайлары
 
-
 
пациенттің немесе 
оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.
 
Медициналық көмектен бас тартқан кезде, пациентке немесе оның заңды өкіліне 
оған түсінікті түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсіндірілуге тиіс.
Медициналық көмектен бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетіле 
отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді жəне оған пациент не 
оның заңды өкілі, сондай
-
ақ медицина қызметкері қол қояды. Пациент не оның 
заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан 
жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазбаны медицина 
қызметкері жүзеге асырады жəне оған қол қояды.
Кəмелетке толмаған адамның не əрекетке қабілетсіз
адамның заңды 
өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық 
көмектен бас тартқан кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау 
үшін қорғаншы жəне қамқоршы органға жəне (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет