~203~
Кəмелетке толмаған адамдарға жəне сот əрекетке қабілетсіз деп таныған
азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге
келісімді олардың заңды
өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек көрсету
туралы шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін
болмаған кезде —
медициналық ұйымның лауазымды адамдарын жəне заңды
өкілдерді кейіннен
хабардар ете отырып, шешімді тікелей медицина қызметкері
қабылдайды.
Дəрігерлік
құпия
-
Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың
денсаулығының жай
-
күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны
зерттеп
-
қарау жəне емдеу кезінде алынған өзге де мəліметтер дəрігерлік құпияны
құрайды.
Дəрігерлік құпияны құрайтын мəліметтерді пациенттің немесе оның заңды
өкілінің келісімімен пациентті зерттеп
-
қарау жəне емдеу мүддесіне орай,
ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мəліметтерді оқыту процесінде жəне
өзге де
мақсаттарға пайдалану үшін басқа жеке жəне заңды тұлғаларға беруге жол
беріледі.
Дəрігерлік құпияны құрайтын мəліметтерді азаматтың немесе оның заңды
өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда: өзінің жай
-
күйіне
байланысты өз еркін білдіруге
қабілетсіз азаматты зерттеп
-
қарау жəне емдеу
мақсатында; айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері
болған кезде, оның ішінде қан мен оның компоненттерінің донорлығы кезінде;
тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау жəне алдын ала
тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың жəне (немесе) соттың сұратуы
бойынша; кəмелетке толмаған адамға немесе əрекетке қабілетсіз адамға
медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;
азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы əрекеттер
салдарынан келтірілді
деп есептеуге негіздер болған кезде жол беріледі.
Қан мен оның компоненттерінің донорлығына байланысты жағдайлардан
басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын
электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн жеке тұлғалардың
(пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi олардың рұқсатынсыз
жинауға жəне өңдеуге жол берiлмейдi. Қан мен оның компоненттерінің
донорлығына,
сондай
-
ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де
органдардың психиканың үнемі бұзылуын, алкогольдік, есірткілік тəуелділікті
жəне тəуелділіктің өзге де түрлерін, агрессия мен зорлық
-
зомбылық əрекеттерін
жасауға
бейімділікті қоса алғанда, қоғам үшін қауіпті бұзылу мен аурулардан
зардап шегетін адамдардың диспансерлік есепте тұрғаны туралы дəрігерлік
құпияны құрайтын электрондық құжат нысанындағы ақпаратты беру жөніндегі
сұрау салуларына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың
(пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi пайдалану кезiнде жеке
тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн
қамтитын электрондық
ақпараттық ресурстарды олардың рұқсатынсыз басқа дерекқорлармен
байланыстыратын телекоммуникациялар желiлеріне қосуға жол берiлмейдi.
Жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi
~204~
заңсыз жинағаны жəне
өңдегені үшін лауазымды адамдар ҚР заңдарында
көзделген жауаптылықта болады.
Достарыңызбен бөлісу: