~215~
келісімі болмаған кезде; 3) егер ерлі
-
зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы
болмауына қарамастан, некені бұзудан өз əрекеттері не əрекетсіздігі
арқылы
жалтарса; 4) ерлі
-
зайыптылардың бір
-
біріне мүліктік талаптары болған
жағдайларда жүргізіледі.
Егер сот ерлі
-
зайыптылардың одан əрі бірлесіп өмір сүруі жəне отбасын
сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тəртібімен бұзылады. Ерлі
-
зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі
-
зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға жəне ерлі
-
зайыптыларға
татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге
қалдыруға құқылы. Егер ерлі
-
зайыптыларды татуластыру
жөніндегі шаралар
нəтижесіз болып шықса жəне ерлі
-
зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды
талап етсе, неке бұзылады. Екі жақтың өзара некені тоқтату туралы ерікті
келісімі болған жағдайда некені бұзу сот шешімімен кемінде бір ай өткен соң
жүргізіледі.
Некені сот тəртібімен бұзу кезінде ерлі
-
зайыптылар соттың қарауына
кəмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы,
балаларды жəне (немесе) еңбекке жарамсыз мұқжат жұбайын асыруға қаражат
төлеу тəртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі
-
зайыптылардың
ортақ мүлкін бөлу туралы келісім ұсына алады.
Егер ерлі
-
зайыптылардың арасында осы баптың 1
-
тармағында аталған
мəселелер бойынша келісім болмаса, сондай
-
ақ ол келісім балалардың немесе
ерлі
-
зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот: 1) неке
бұзылғаннан кейін кəмелетке
толмаған балалар ата
-
анасының қайсысымен
тұратындығын айқындауға; 2) балаларды асыруға алимент ата
-
аналардың
қайсысынан жəне қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге; 3) ерлі
-
зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен
ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге; 4)
екінші жұбайдан асырауға
қаражат алуға құқығы бар
жұбайдың талап етуі бойынша осы асыру
қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.
Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот
мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық
хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген
күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда
-
соттың шешімі заңды күшіне
енген күннен бастап тоқтатылады. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды
күшіне енген күннен
бастап
үш
күн
ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім
шығарылған жердегі, сондай
-
ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жердегі
азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті. Ерлі
-
зайыптылардың
азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куəлік алған
дейін жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: