Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет133/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Унитарлық
 
мемлекет
.
ҚР Конституциясы унитарлықты тек елдің 
мемлекеттік құрылым формасы ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның 
конституциялық құрлысының негізге алынатын негіздерінің бірі ретінде де 
қарастырылады. Унитарлық мемлекет (франц. unitaire, лат. unitas 

бірлік)

деп 
мемлекеттің аумағы əкімшілік
-
аумақтық мемлекетік құрылым формасын 
айтамыз. Əкімшілік
-
аумақтық бірліктер аймақтарға бөлінеді: область, аудан, 
ауылдық (селолық) округ жəне елді мекендер. 
ҚР мемлекеттік құрлымы округтер, өлке, республика, штаттар, контон 
жəне тағы басқалар түріндегі қандай да бір мемлекеттік
-
аумақтық немесе ұлттық 


~210~ 
аумақтық автономиялардың Қазақстан аумағында құрылу мүмкіндігін 
қарастырмайды. Унитаризм принципіне негізделген ҚР мемлекеттік құрылымы 
мемлекет ретінде ҚР егемендігі мен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етеді. 
ҚР унитарлық ең алдымен ұлт аралық қатынастың мемлекеттік ұйымының 
формасы ретінде жəне Қазақ халықтарының бірлігінің көрінісі
ретінде қызмет 
етеді. Өзінің ұлттық мемлекеттігінің формасын таңдауда еркін көңіл білдіру ҚР 
барлық халқының егемендігін қамтамасыз етеді. ҚР унитарлық Қазақстандағы 
барлық көп ұлтты халықтың еркін дамуына кедергі келтірмейді, сонымен қатар 
қандай да бір ұлттардың, халықтардың көп тұратын аудандарында да еркін 
дамуға кедергі келтірмейді жəне мемлекеттік құрлыста тұрақтылықты 
қамтамасыз етеді. 
Қазақстандағы барлық ұлттар мен халықтардың еркін дамуы мемлекеттің 
ұлттық тілдерді дамытудағы қамқорлығы арқылы қамтамасыз етіледі. Əр бір 
азаматтың ана тілі мен мəдениетін пайдалануға, қарым
-
қатынас тілін еркін 
таңдауға, тəрбиеге, оқуға жəне шығармашылыққа құқығы танылған. Унитаризм 
мемлекеттік биліктің жоғары деңгейде орталықтанғанын жəне мемлекетті 
басқарудағы тиімділікті көрсетеді. 
Унитаризм келесі принциптермен сипатталынады: 
а) ҚР аумақтық жəне мемлекеттік тұтастығы. ҚР
-
мемлекеттік биліктің 
көмегімен ортақ мақсатқа жету үшін құрылған біріңғай мемлекет. Бұл ҚР 
мемлекеттік тұтастығында көрсетілетін конституциялық құқық субъектілерінің 
мемлекеттік, саяси жəне əлеуметтік
-
экономикалық бірлігіне ұмытылуды 
болжайды. Осы
принципке сəйкес ешқандай мемлекеттік орган мемлекеттің 
аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған шешімдер қабылдай алмайды жəне 
осы мақсаттағы қоғамдық ұйымдар құруға тиім салады. Тұтастықтың күші 
бойынша əкімшілік
-
аумақтық құрылымдардың арасында кедендік шекара 
құруға, салықтар алуға жəне тауарлардың қаржы құралдарының еркін өтуіне 
басқа да кедергілер жасауға жол берілмейді. Сондай
-
ақ аумақтық тұтастық 
мемлекеттің бүкіл аумағында Қазақстан Конституциясының жəне басқа 
заңдардың, Президент жарлықтары, Үкімет қаулыларының жоғарылығын жəне 
жергілікті билік органдарының Қазақстан мемлекетінің құрамынан шығу 
құқығының жоқтығын, өзінің құқықтық жағдайын бір жақты тəртібте өзгерте 
алмайтындығын көрсетеді. 
ə) Мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі мемлекеттік тұтастық пен ҚР 
егемендігін көрсетудің кепілі болып табылады. Сонымен бірге бұл бірлік 
мемлекеттің егемендігінің маңызды бір көрсетуі болып табылады. Унитарлық 
мемлекетте мемлекеттік билік жүйесі бірлігі жоғарғы мемлекеттік билікті 
құрайтын ортақ органдар жүйесінің
болуымен көрсетіледі: Президент, 
Парламент, Жоғарғы Сот жəне Үкімет Конституция əр мемлекеттік билік 
органдары үшін, оның шегінен шығуға құқығы жоқ өкілеттілік шегін, сондай
-
ақ 
билікті бөлу принципіне негізделген олардың өзара қарым
-
қатынас сипатын 
бекітеді. Мемлекеттік билікті өзінің өкілеттілік шеңберінде жергілікті органдар 
ортақ жүйенің негізгі бөлігін құрай отырып жүзеге асырады. Конституция 
мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының өкілеттік шеңберін анықтайды. 
Ол өкілеттілік бойынша олар жергілікті деңгейдегі сұрақтарды шешеді. 


~211~ 
Сонымен қатар оларға жоғарғы органдардың өкілеттілігіне араласуға жəне 
унитаризм принципін бұзуға жол бермейді. Мемлекеттік биліктің жергілікті 
органдарының аумақтық тұрақтық сұрағын шешу құқығы жоқ. 
б) Заң шығару билігінің ортақ жүйесі
-
кез
-
келген мемлекеттің өмір 
сүруіндегі міндетті шарт. ҚР ұлттық заң жүйесін қалыптастырудың бірнеше 
кезеңдері бар. Бірінші кезеңінде Қазақстанның егемендігі мен тəуелсіздігін 
бекіткен жаңа заң актілерімен қатар, республика аумағында одақтық заңдар да 
əрекет етті. 1993 жылғы Конституциясыда одақтық актілердің күші туралы 
арнайы құқықтық норма болды. Онда былай делінді, КСРО
-
ның заңдары мен 
басқа да нормативтік актілері ҚР аумағында республикада сəйкес заңдар мен 
басқа да нормативтік актілер қабылданғанға дейін, ҚР Конституциясы мен 
заңдарына қайшы келмейтін бөлімдерінде ғана қолданылады. 
1995 жылы Конституцияны қабылдаумен ұлттық заң жүйесінің 
қалыптасуының 2 кезеңі басталады. Одақтық актілер өзінің өзектілігімен 
мағынасын жойды. Саяси жəне əлеуметтік өмір жағдайының мағыналы өзгеруіне 
жəне жаңа заңдарды қабылдауға байланысты Конституцияда одақтық 
нормативтік актілерді көрсету қажеттілігі жойылды. Бірақта ұлттық заң 
жүйесінің толық қалыптасуына дейін КСРО
-
ның кейбір құқықтық актілері əлі 
қолданылады. Бұл жүйенің даму процессінде ескірген актілер мен нормалар 
өзгертіледі жəне жетілгендермен ауыстырылады. ҚР
-
да Федеративтік 
мемлекеттерге қарағанда ұлттық заң жүйесі мемлекеттік биліктің жоғарғы 
органдарының ортақ жүйесімен құрылады. Мемлекеттік биліктің жергілікті 
органдарымен заң актілері қабылданылмайды. 
в) Бір азаматтықта унитарлық мемлекеттің ерекше белгісі болып 
табылады. Қазақ КСР
-
нің КСРО құрамында болған кезінде қос азаматтық 
институты болды. Ол бойынша Қазақ КСР
-
ның азаматы бір уақытта КСРО 
азаматы бола отырып, кез
-
келген басқа республиканың азаматы бола алды. 
Нəтижесінде КСРО құлағаннан кейін басқа республикаларда туыстары бар, 
немесе тарихи тамыры бар көптеген азаматтардың алдында қос азаматтық 
институтын бекіту сұрағы тұрды. Мұны үшінші елде өмір сүріп жатқан қазақ 
диаспорасының да өкілдері талап етті. Бірақ қос азаматтық, əлемдік тəжірибе 
көрсеткендей, ешқандай мемлекеттермен танылмайды жəне тек федеративтік 
мемлекеттерде немесе отарлық нормалар өмір сүрген жағдайда пайда болады. 
г) Əлеуметтік мемлекет. Əлеуметтік мемлекет
-
бұл əлеуметтік саясаты 
адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін 
дамуына, ақталмаған əлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз 
етуге бағытталған мемлекет. 
Əлеуметтік мемлекет өзінің əр бір азаматына адамға лайықты тіршілік 
минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады жəне осыған байланысты əр бір 
есейген адамның өзін жəне өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы 
қажет. Егер əр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге 
асырылмаса жəне адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана 
мемлекет араласады. 
Əлеуметтік саясат қоғамның əлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен, 
азаматтардың жақсы тұрмысының өсуімен, олардың өмірінің жақсаруымен, 


~212~ 
олардың материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандырумен, өмір 
түрін жоғары көтерумен байланысты əлеуметтік топтардың, қоғам мен оның 
мүшелерінің арасындағы қатынасты реттейтін мемлекеттің жалпы саясатының 
бір бөлігін көрсетеді. Əлеуметтік саясаттың басты мақсаты
-
адам мен қоғамның 
жақсы тұрмысына жету, тұлғаның дамуы үшін тең жəне əділетті мүмкіндіктерді 
қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның əлеуметтік дамуының негізгі 
мақсаты ҚР əлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын анықтаудан тұрады. 
Олардың қатарына кіретіндер: еркін еңбек ету құқығы, оның қауіпсіздігі, 
жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғау; денсаулық қорғау құқығы; кепілденілген 
минималдық еңбек ақы, зейнетақы мөлшері мен жасына мүгедектігіне, 
асыраушысын жоғалту бойынша əлеуметтік қамтамасыз етуді бекіту; 
мемлекетпен неке мен отбасы, аналық, əкелік жəне балалықты қорғау. 
д) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет